Ақмола облысында аудандық пошта байланысы торабының төрт қызметкері қаражат жымқырғаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астрахан ауданы пошта байланыс торабының басшысы, оның орынбасары, бас бухгалтер және касса меңгерушісі 2013-2015 жылдар аралығында ірі мөлшерде қаржы жымқырған. Олар өздерінің қылмыстық әрекетін жасыру мақсатында бухгалтерлік құжаттарға жалған жазбалар енгізіп, қызметтiк жалғандық жасаған. Олар қаражатты жымқыру кезінде бір-біріне жәрдемдескен. Астрахан ауданы пошта байланыс торабының басшысы 7 087 911 теңге, оның орынбасары 4 335 000 теңге, бас бухгалтер 6 918 000 теңге, касса меңгерушісі 2 728 000 теңге жымқырған.

Сот үкімімен Астрахан ауданы пошта байланыс торабының басшысына ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармақшасына сәйкес («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу»), 369-бабының 1-бөлігібойынша («Қызметтiк жалғандық жасау») жасалған қылмыстары үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық жолмен табылған мүлкі тәркілене отырып, мекемеде, кәсіпорындар мен ұйымдарда, мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

Басшының орынбасары ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармақшасына сәйкес («Алаяқтық») жасалған қылмыстары үшін кінәлі деп танылып, оған қылмыстық жолмен табылған мүлкін тәркілене отырып, мекемеде, кәсіпорындар мен ұйымдарда, мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Сонымен қатар, «Қазпошта» АҚ-ның пайдасына материалдық залал өндірілді.

Сот үкімімен Астрахан ауданы пошта байланыс торабының бас бухгалтері ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармақшасымен («Алаяқтық»), 28-бабының 5-бөлігі бойынша («Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi»), 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармақшасына сәйкес («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») жасаған қылмыстары үшін кінәлі деп танылып, оған мекемеде, кәсіпорындар мен ұйымдарда, мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

Сонымен қатар, касса меңгерушісі ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармақшасына, 189-бабы 4-бөлігінің, 2-тармақшасына («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу»), 28-бабының 5-бөлігіне сәйкес («Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi») қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған мекемеде, кәсіпорындар мен ұйымдарда, мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

Үкімдер заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі