Ақмола облыстық сотында сақтандыру компанияларына әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы қаулылардың электронды түрдегі қаулыларды ұсыну бойынша пилоттық жобаны іске қосу мәселелерін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Д.Сарымсақов сақтандыру компанияларына әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша электронды түрдегі қаулыларды ұсынудың пилоттық жобасын талқылау мақсатында «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты төрағасының міндетін атқарушы Серік Түлеев, Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Әсем Шаукенова, Ақмола облысының ІІД әкімшілік полиция бөлімінің басшысы Ержан Қошқарбаев, «Казахинстрах», «Сәлем», «Номад Иншуранс», «Нефтяная страховая компания» сақтандыру компанияларының өкілдері және Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің құрылымдық бөлімдерінің басшылары қатысты.

«Дөңгелек үстел» жұмысын аша келе, Д.Сарымсақов 2016 жылдың шілде айынан бастап Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында осы жоба басталғанын, ал 1 қыркүйектен бастап республиканың барлық мамандандырылған әкімшілік соттарында пилоттық жоба іске қосылатындығын атап өтті. «Ақмола облысында пилоттық жобаны ойдағыдай іске қосу үшін оны тәжірибеде қолдану кезінде туындайтын мәселелерді талқылау қажет», – деді Д.Сарымсақов.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты төрағасының міндетін атқарушы С.Түлеев сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін электронды нысанда сақтандыру компаниясына «заңды күшіне енді» деген белгімен  автоматты түрде жолданатындығын айтты.

Судья Ә.Шаукенова осы жаңашылдық азаматтардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулылардың заңды күшіне енуі туралы белгісін қойдыртып, оны сақтандыру компаниясына беру үшін сотқа қайта жүгіну қажеттілігін жоюға мүмкіндік береді, тиісінше сөзбұйдалықты жоятындығын атап өтті.

Әкімшілік полиция өкілдері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада сақтандыру полисінің нөмірі мен сақтандыру компаниясының атауын көрсетудің қажет екендігіне назар аударды.

«Дөңгелек үстел» барысында сақтандыру компаниясының өкілдері пилоттық жобаны қолдану бойынша сұрақтарына жауап алды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі