Архив событий

08/08/2016

Азаматтық сот ісін жүргізудің бірқатар өзекті мәселелері бойынша сот актілерінің жинағы басылып шықты

08/08/2016

Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәмидің, профессор (з.ғ.д.) А.Диденконың және Алматы қалалық сотының төрағасы А.Ештайдың редакциялығымен «Азаматтық заңнама. Мақалалар, Комментарийлер. Тәжірибе. Үлгі» кезекті екі топтамасы (45 және 46) жарыққа шықты. Басылымдар жарамсыз мәміле, кепілақы мен атқарушылық іс жүргізу бойынша сот актілерінің жинағынан тұрады.

«Медиация күні» республикалық соттарда аталып өтті

08/08/2016

 

Солтүстік Қазақстан облыстық соты Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық филиалымен бірге «Қазақстан халқы ассамблеясы қызметі бағыттарының бірі ретіндегі медиация» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.
 

Павлодар облысының судьялары алқа билердің қатысуымен қылмыстық істерді қараудағы бойынша әдістемелік нұсқаулықтарды әзірледі

08/08/2016

Алқа билердің қатысуымен қылмыстық істерді қарау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әзірледі.

Тәжірибелік нұсқаулық судьяларға сотта істі алқа билердің қатысуымен сапалы қарауды қамтамассыз ету үшін қажетті білім мен дағдыларға ие болуға және әдістемелік көмек көрсету мақсатын көздейді. Баспа прокурорлар, адвокаттар, заң саласындағы ЖОО-ның студенттер мен ұстаздардың қызығушылығын тудырып отыр.

Әдістемелік материал келесі бөлімдерден тұрады: