Архив событий

03/08/2016

Жоғарғы Сот даулы объектілер үлескерлерінің құқықтарын қорғады

03/08/2016

2012-2015 жылдар аралығында «Азбука жилья» компаниялар тобы басшыларының заңсыз әрекеттері салдарынан Астана қаласындағы «Expo Тown» және «Expo City» тұрғын үй кешендерінің үлескерлері жалпы сомасы 5 млрд. теңгеден астам материалдық шығынға ұшыраған.

Құрылыстың аяқталуы 2014-2015 жылдарға жоспарланған, алайда қазіргі күнге дейін үйлер салынбаған, құрылыс аяқталмаған.

Ақтауда еңбек дауы бітімгершілік келісіммен аяқталды

03/08/2016

Ақтау қаласының № 2 сотында талапкер «Oil Services Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапкерлер М.Жаңбыров, Ж.Тукебаев, Қ.Оразбеков, К.Жәлиев ұйымдастырған ереуілді заңсыз деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Істі сотқа дайындау барысында талапкердің өкілі талаптың негіздемесін жауапкерлердің жұмысқа шықпау іс-әрекеттерін  заңсыз деп тану деп өзгертті.

Алматы облысында медиация мәселелері бойынша семинар өтті

03/08/2016

Алматы облыстық соты «Медиация күні» республикалық акциясы шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясы филиалы мен «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» ҚММ-нің қолдауымен «Этносаралық қатынастар саласындағы медиация» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Ақтөбеде сот мүмкіндігі шектеулі азаматтың пайдасына моральдық зиянның өтемақысын өндірді

03/08/2016

Ақтөбе қалалық соты Т. Ахундовтың «Базальт-А» ЖШС, «Казкоммерц-Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-нан 235 013 теңге көлемінде материалдық шығын, 18 764 987 теңге көлемінде моральдық зиянды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Шығыс Қазақстанда 93 азаматқа қатысты жүріп-тұру бостандығын алдын-ала шектеу шарасы қолданылды

03/08/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 2016 жылғы 1 жартыжылдығында 93 азаматқа қатысты жүріп-тұру бостандығын алдын-ала шектеу туралы 93 материалды қарады.                                                                     

Сотта аталған азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттары мен тұрғылықты тұратын орындарының жоқтығы, ешбір жерде жұмыс істемейтіндігі, кездейсоқ және уақытша табыспен күнелтетіндігі, сондай-ақ қанғыбастық өмір салтын ұстанатындықтары анықталды.

Электронды сот төрелігі жүйесі қарқын алуда

03/08/2016

Қазақстан Республикасында электронды сот төрелігі жүйесі қарқынды дамып келеді.

2014 жылдың шілде айында электронды талап арыздарды «Сот кабинеті» сервисі арқылы онлайн түрде беру жүйесі жүзеге асырылып, іске қосылды. Бұл сервис халық арасында кеңінен танылып үлгерді. Бұған дәлел есепті кезеңде жалпы 367 691 талап арыздың 266 874-і «Сот кабинеті» сервисі арқылы келіп түсті, бұл, өз кезегінде, электронды талап арыздардың 72,6%-ын құрайды. Талап арызды онлайн режимде беру мүмкіндігі «Электронды үкімет» порталында да қарастырылған.