Архив событий

05/08/2016

Қарағанды облыстық сотында айыппұлдарды өндіру бөлігінде сот актілерін орындау мәселелері талқыланды

05/08/2016

Қарағанды облыстық сотында айыппұлдарды өндіру бөлігінде сот актілерін орындау мәселелері бойынша кеңес өтті.
Талқылауға облыстық сот төрағасы М. Әлімбеков, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Р. Нұрмағамбетов, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Ж Сейдалина, «Қарағанды облысы бойынша соттар әкімшілігі» РММ-нің басшысы Д. Құсбеков, соттар Әкімшілігі басшысының орынбасары Д. Ахашов, облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары.

Ақмола облысында сот үш әйелді есірткі заттарды сақтағаны және өткізгені үшін бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады

05/08/2016

Сотта, азаматша Л. 2015 жылдың қараша айынан бастап 2015 жылғы желтоқсанға дейін аса ірі мөлшердегі есірткі заттарды өткізу мақсатында  сақтаған. Ол азаматша М. және А-мен қылмыстық  сөз байласып, аса ірі мөлшерде 5,54 грамм - «героинді» шартты сатып алушыға өткізіп, 103 000 теңге пайда тапқан. Тұрғылықты мекен жайымен жұмыс орнын тінту барысында аса ірі мөлшерде 2144,15 грамм есірткі заттар алынғаны анықталды.

Шығыс Қазақстан облысында медиацияны жаңа заңнама тұрғысынан қолдану мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өтті

05/08/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Жарма ауданың әкімі аппаратында «Қазақстан Республикасының азаматтық, қылмыстық заңнамаларының өзгерістері аясында медиацияны дамытуды насихаттау» тақырыбында өткен «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Жарма ауданының әкімі Н.Сыдықов, өңір судьялары, ауылдық окрутердің әкімдері, кәсіби емес медиаторлар, прокуратура, әділет, құқық қорғау органдарының, әкімдіктің өкілдері қатысты.

Ақтөбеде сот акционерлік қоғамнан миллион теңге көлемінде моральдық залал өндірді

05/08/2016

Ақтөбе қалалық сотында талапкер Ү.Хайруллинаның жауапкер «СНПС-АқтөбеМұнайГаз» АҚ-дан 4 000 000 теңге көлемінде моральдық залал және сот шығындарын  өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.