Азаматтық сот ісін жүргізудің бірқатар өзекті мәселелері бойынша сот актілерінің жинағы басылып шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәмидің, профессор (з.ғ.д.) А.Диденконың және Алматы қалалық сотының төрағасы А.Ештайдың редакциялығымен «Азаматтық заңнама. Мақалалар, Комментарийлер. Тәжірибе. Үлгі» кезекті екі топтамасы (45 және 46) жарыққа шықты. Басылымдар жарамсыз мәміле, кепілақы мен атқарушылық іс жүргізу бойынша сот актілерінің жинағынан тұрады.

Жинақтың 45-шығарылымы заң ғылымдарының докторы А.Диденконың жарамсыз мәміле теориясы туралы мақаласынан басталады. Басылымның негізгі бөлігінде даулар бойынша жарамсыз мәмілелер туралы Жоғарғы сот пен жергілікті соттардың сот практикасынан алынған мысалдар келтірілген. Басылымда келтірілген сот актілері мәмілелерді жарамсыз деп танудың түрлі негіздері бойынша сот практикасының тәсілдерін көрсетеді.

Кепілге негізделген құқықтық қатынас және атқарушылық іс жүргізу мәселелеріне арналған жинақтың 46-шығарылымына з.ғ.д. А.Диденконың, з.ғ.д. К.Ильясованың, з.ғ.д. С.Әлімбекованың ғылыми жарияланымдары енген.

Басылым банктердің, сот орындаушыларының қатысуымен болған қарыздарды алу, кепілақы ретінде айналымға енгізу, атқарушылық іс-әрекетке шағымдану мәселелері бойынша дауларды шешудің сот практикасына қатысты Алматы қалалық сотының сот актілерінен тұрады.

Жинақтар азаматтық заңнама саласындағы құқық қолдану мәселелерімен айналысатын адамдар, судьяларға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, адвокаттарға, нотариустарға, жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарына бағытталған.

Жинақтар жергілікті соттар, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар арасында таратылатын болады. Атап айтқанда, Бас прокуратура, Әділет министрлігі мен Конституциялық Кеңес. Бұдан басқа, қазақстандық тәжірибені насихаттау және тарату мақсатында бірнеше данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық сотына жолданады.

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Анатолий Диденкоға жинақты шығаруға үлес қосқаны үшін алғыс хатын жолдады. Хатта ғалымның азаматтық құқықтың өзекті мәселелері бойынша көп жылдар бойы айналысқандығын атап өтіп, оның сот жүйесімен ынтымақтастығы мен бірлескен жұмысына жоғары баға берілген.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі