Жоғарғы Сот Департаментінің қызметкерлері елордалық ХҚО мамандары үшін семинар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот Департаментінің қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Астана қаласындағы Есіл аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары үшін семинар өткізді.

Семинар «Соттардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» атты көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі мен мемлекеттік баж салығын төлеудің тәртібі түсіндірілді. Мемлекеттік баж салығының мөлшері АЕК-нің 50% мөлшерін құрайтындығы айтылды.

Апостиль қою туралы өтініштерді қабылдау кезінде операторлар тарапынан жиі жіберілетін қателіктер бойынша ақпарат қорытылып, ХҚКО өкілдерінің назарына жеткізілді.

Сонымен қатар, соттардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою туралы өтініштерді Жоғарғы Соттың «Сот кабинеті» сервисінің «Апостиль қою» функционалы арқылы беру мүмкіндігі де айтылды.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі