Жоғарғы Сот ЖШС-нің пайдасына көрсеткен қызметі үшін оған ақы төлеу бойынша берешекті өндіріп алу туралы аралық соттың шешімімен келісті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы шартқа сәйкес көрсетілген қызмет үшін төлемақы ретінде бір жарым миллиардтан астам теңгені «Си Бу» Инженерная буровая компания» ЖШС-нің пайдасына «FIAL» БӨ-нен ақша өндіру бойынша аралық соттың шешімін бұзу туралы өтінішін қанағаттандырусыз қалдырып, бірінші сатыдағы соттың ұйғарымын күшінде қалдырған.  

Төменгі сотта қарауға негіз болған екі ЖШС-нің дауы мынадан  тұрады. 

«Си Бу» (Си Бу) инженерлік бұрғылау компаниясы және «FIAL» (Фиал) БӨ Ақтөбе облысының Восточный Мортук кен көзінде ұңғымаларды бұрғылауға қатысты шарт жасасқан.

Уақыт өте келе, шартта көрсетілген жұмыс көлемін орындап және өзіне тиесілі төлемақыны  алмаған соң, Си Бу  Фиалдан шарт бойынша қарызды өндіру туралы талап арызбен аралық сот -  Қазақстан Коммерциялық төрелігіне жүгінді.  Аралық сот  талап арызды қанағаттандырып, Фиалдан 49 715 442 теңге (төрелік алымды) және 316 091 009 теңге (өсімпұлды), 995 060 960 теңге (жауапкердің арызын қосқанда), 1 670 060 960 теңге (берешекті) өндіруді ұйғарды.

Сот шешімімен келіспеген Фиал сотқа бұл шешімді бұзу туралы өтінішхатпен жүгінген. Астана қаласының мамандандырлған ауданаралық экономикалық соты өтінішті қанағаттандырусыз қалдырған. Ал Астана қаласының соты ұйғарымның күшін жойып, өтінішхатты сол сотқа қайта қарауға жолдаған. Астана қаласының мамандандырлған ауданаралық экономикалық соты істі екінші рет қайта қарап, өтінішхатты қанағаттандырып, аралық соттың шешімін бұзған. Бұл шешіммен Астана қалалық соты келіскен.  Си Бу соттар материалдық және процестік құқық нормалары бұзылды деп бекітілген сот актілері бойынша жоғары сот органына шағымданған.

Бірінші сатыдағы соттың уәжі бойынша тараптар сот құрамы туралы келісімге келмеген, яғни аталған дау құзыретті сотқа жолданылуы тиіс. Заң  нормаларының бұзылуы аралық сот судьяларының тәуелсіз қағидаттарына қайшылық келетін сот құрамының қалыптасуына  әкеп соқты.

Алайда жоғары сот органы соттың бұл тұжырымдарын қате деп тапты, шағым жасалғн ұйғарымда аралық соттың шешімін бұзу үшін  қажетті негіз болатын  мән-жайлардың жоқтығын атап өтті.

Заңнамаға сәйкес аралық соттың шешімдеріне, егер  аралық соттың  шешімін бұзу туралы арызбен аралық соттың тарабы  осы соттың құрамы немесе аралық талқылау  заңнама талаптарына сәйкес келмегені жөнінде  дәлелдер ұсынған жағдайларда ғана шағымдана алады. Сондай-ақ  Заң нақты дауды шешу бойынша тараптардың келісімімен аралық соттарда құрамды қалыптастыруды регламенттейді.

Жоғарғы Сот мұндай мән-жайлар кезінде дауланып отырған сот ұйғарымдарының күшін жойып, бірінші саты сотының бастапқы ұйғарымын күшінде қалдырды.

Сот актілерін даулау кезінде арызданушы төлеген  мемлекеттік баж (10 млн.теңге көлемінде)  жауапкер «FIAL» БӨ-нен арызданушының пайдасына өндіріп алынды.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі