Архив событий

09/12/2016

Жоғарғы Соттың жалпы отырыс төралқасының отырысы бейнебайланыс арқылы өтті

09/12/2016

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәмидің төрағалығымен жалпы отырыс төралқасының отырысы болып өтті.

Отырыс жұмысына жалпы отырыс төралқасының мүшелері, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы мен құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілері қатысты. Іс-шараға Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов, аталған өңірдің сот алқаларының төрағалары, судьялары мен Соттар әкімшісінің басшылығы қашықтықтан қатысты.

Павлодар облыстық сотының төрағасы аумақ тұрғындарымен кездесті

09/12/2016

Павлодар облыстық сотының төрағасы М.Смағұлов халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, құқықтық мәдениетті көтеру, сот төрелігінің қолжетімдігі мақсатында Павлодар қаласының тұрғындары үшін «ашық есік күнін» өткізді.

Азаматтардың өтініштері негізінде отбасы қатынастары саласындағы азаматтық-құқықтық реттеу, еңбек заңнамасы, сондай-ақ, сот қызметі бойынша мәселелерге қатысты болған. Азаматтардың басқа өтініштері шығарылған сот актілерімен келіспеуге бағытталған.

Солтүстік Қазақстан облыстық соты мен «Сот тілшілерінің гильдиясы» қоғамдық бірлестігі меморандумға қол қойды

09/12/2016

Солтүстік Қазақстан облыстық соты мен «Сот тілшілерінің гильдиясы» қоғамдық бірлестігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.   Меморандумға облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов, БАҚ-пен жұмыс жасау жөніндегі үйлестіруші-судья Наталья Шалаева  және «Сот тілшілерінің гильдиясы» қоғамдық бірлестігі кеңесінің мүшесі, «Время» газетінің тілшісі Ульяна Әшімова қол қойды.   

Ювеналдық сот төрағасы жобаларды бағалау жөніндегі жюри құрамына қатысты

09/12/2016

Астана қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы  Раззак Н.Р.  әзірленген жобаларды бағалау жөніндегі жюри құрамына қатысты.  

Іс-шара ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің қолдауымен Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасы (PRI)  болды.

Қостанай облысының судьялары азаматтық істердің кей категорияларында медиацияны міндетті түрде қолдану бойынша жобаның енгізілуінің уақыттылы екендігін айтты

09/12/2016

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінің Қостанай облысы филиалында  өткен брифингте Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев өңір журналистерін ел тәуелсіздігінің 25 жылында сот жүйесінің қалыптасуы туралы хабардар етті.

Осы мерзім аралығында қандай сот реформалары жүргізілді, нендей жетістіктерга қол жеткізілгені туралы мәлемдей келе, төраға сот мәртебесінің көтеріліп, демократиялық процесстерді дамытуда, құқықтық мемлекетті қалыптастыруда сот пен судьяның рөлі  артқанына тоқталды.

Жоғарғы Сот банкке қойған талап арызын қанағаттандырудан бас тартып, банктік келісімдердің талаптарын оларға қол қойылғанға дейін зерделеу қажеттілігіне назар аударды

09/12/2016

Азамат А. жауапкерлер «Kaspi Bank» АҚ-ға, «Kaspi Сақтандыру» АҚ-ға банктік қарыз шартының тармақтарын, ерікті сақтандыру шартын жарамсыз деп тану және бастапқы қалпына келтіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

ОҚО-да республика егемендігінің 25 жылдық мерейтойына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді

09/12/2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының оқу орталығы «Тәуелсіздік және сот билігі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференцияның жұмысына облыстық соттың төрағасы Н.Шәріпов, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, өңірдің жоғары оқу орындарының басшылары, оқытушылары, студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.