Қостанай облысының судьялары азаматтық істердің кей категорияларында медиацияны міндетті түрде қолдану бойынша жобаның енгізілуінің уақыттылы екендігін айтты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінің Қостанай облысы филиалында  өткен брифингте Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев өңір журналистерін ел тәуелсіздігінің 25 жылында сот жүйесінің қалыптасуы туралы хабардар етті.

Осы мерзім аралығында қандай сот реформалары жүргізілді, нендей жетістіктерга қол жеткізілгені туралы мәлемдей келе, төраға сот мәртебесінің көтеріліп, демократиялық процесстерді дамытуда, құқықтық мемлекетті қалыптастыруда сот пен судьяның рөлі  артқанына тоқталды.

Өткен съезд туралы сөз қозғаған А.Шамшиев Заң үстемдігін қамтамасыз етуге баса назар аудара отырып, мемлекет басшысының сот қауымдастығы алдына қойған тапсырмаларына тоқталды. 

Журналистер сауалдарына жауап бере отырып, судьялар, медиацияның ұтымды тұстарына және медиацияны қолдану арқылы қаралған істер санының артқандығын тілге тиек етті. Мәселен, бүгінгі күнге дейін Қостанай облысының соттарында медиация тәртібімен 1340 азаматтық, 779 әкімшілік және 865 қылмыстық іс қаралған.

Сот медиациясының тиімділігі туралы айтқан спикерлер бұл тәсілмен істі қарау судьяның кәсіби деңгейде тараптарды бітімгершілкке келтіре білетіндігін, судьяның дауды шешуде қажетті сөз бен уәж айта білуінің шеберлігін көрсететіндігін мәлімдеді.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы В.Долгих журналистерді 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап кей санаттағы істер бойынша медиацияны қолдану міндетті болатын сынамалы жоба іске қосылатындығынан хабардар етті. Бұл жоба отбасылық-тұрмыстық, еңбектік дау-дамай, қарыз шарттары туралы істерге, т.б. қатысты болмақ. Судьялардың айтуынша, бұл дұрыс әрі уақытылы қолға алынған шешім. Егер медиация рәсімі міндетті болса бұл қоғамда орын алатын кикілжіңді азайтуға септігін тигізеді.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі