Жоғарғы Сотта Қазақстан мен Германия судьяларының кездесуі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сотта өткен Қазақстан мен Германия судьяларының кездесуінде зияткерлік меншік объектілерін құрумен және қолданумен байланысты істерді сотта қарау мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.

Кездесуге Қазақстан Жоғарғы Сотының судьялары Ирина Калашникова, Ғалымжан Мырзаке, Жанна Ермағамбетова, Айдын Нұрбеков, Тыныштық Молдахметова, Герман Федеральдік Жоғарғы Сотының судьясы Клаус Бахер және Мюнхеннің жергілікті сотының судьясы Оливер Шён қатысты.  Осы өзекті тақырыпты талқылауға Астана қаласының зияткерлік меншік саласындағы дауларды қарауға маманданған судьялары мен Қазақстанның Әділет министрлігінің өкілдері де қатысты. 

Кездесуде сөйлеген сөзінде И.Калашникова зияткерлік меншік саласындағы құқық қолдануды жаһандану дәуіріндегі маңызды салалардың бірі деп атап өтті.

«Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау республиканың экономикалық өсімінің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі және Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі тұрғысынан аса өзекті болып табылады. Елімізде зияткерлік меншікті қорғаудың тиімді жүйесінің болуы аталған халықаралық ұйымға кіру шарттарының бірі болды», - деді судья Н.Калашникова.

Н.Калашникова: «Әділет министрлігі мен «ЕуроОдақтың құқық үстемдігі тұғырнамасы – Орталық Азия» жобасының бастамасымен ұйымдастырылған бұл кездес у зияткерлік меншік саласындағы дауларды қарау бойынша судьялардың дағдыларын жетілдіруге ықпал ететін болады», - деді. 

Кездесуде К.Бахер қазақстандық судьялардың сот төрелігін жүзеге асырудың жоғарғы сапасын атап өтті.

Кездесу барысында тараптар зияткерлік меншік саласындағы өздерінің тәжірибесімен алмасты. Кездесуге қатысушылар алынған нәтижелер барлық қатысушыларға пайдалы болып, ұсынылған ұсынымдар практикалық қызметте қолданылатындығына сенім білдірді. 

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі