Ювеналдық сот төрағасы жобаларды бағалау жөніндегі жюри құрамына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы  Раззак Н.Р.  әзірленген жобаларды бағалау жөніндегі жюри құрамына қатысты.  

Іс-шара ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің қолдауымен Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасы (PRI)  болды.

Іс-шараға Қазақстандағы Нидерланды Корольдігі Елшілігінің өкілдері, Ұлыбритания мен Нидерланды халықаралық сарапшылары, Қазақстан Республикасының академиктері, ұлттық сарапшылары, мемлекеттік органдар, дипломатикалық миссия, сондай-ақ мемлекеттік қоғам өкілдері қатысты.

PRI ҚАЗМУ және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетімен ынтымақтастықта, сондай-ақ Қазақстандағы Нидерланды Корольдігі Елшілігінің қолдауымен «CAPSTONE PROJECT» жобасын іске асыруда, ол қазақстандық университеттерінде адам құқықтары бойынша курстар енгізуге байланысты.

Осы жобаның мақсаты студенттер бойында зерттеу дағдыларын нығайту және дамыту үшін жаңа білім беру құралдарын дайындау болып табылады, оның шеңберінде Ұлыбритания мен Нидерландының Халықаралық сарапшылары ұлттық профессорлармен ынтымақтаса отырып құқық туралы студенттердің білімін дамытуға әрекет етеді.

Жыл бойы ҚАЗМУ және ЕҰУ студенттерімен бірлесе отырып, Қазақстанда білім беру заңнамасындағы туындаған даулар кезінде  адам құқықтарына, бала құқықтарына қатысты мәселелер бойынша зерттеулер, сондай-ақ қылмыстық заңнаманың халықаралық стандарттары бойынша зерттеулер жүргізілді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі