Архив событий

13/12/2016

Жоғарғы Сот Төрағасы судьялар мен сот қызметкерлерін ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады

13/12/2016

Бүгін Жоғарғы Сотта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздінің 25- жылдығына  арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға  Жоғарғы Соттың алқа төрағалары мен судьялары, Соттардың қызметін қамтамасын ету департаментінің басшылығы мен қызметкерлері және сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

Манфред Штендер (Германия) Сот төрелігі академиясының магистранттары мен қызметкерлеріне істердің жекелеген санаттары бойынша міндетті медиация енгізу туралы семинарлық сабақ өткізді

13/12/2016

Отставкадағы судья, еркін медиатор Манфред Штендер (Германия) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары мен қызметкерлеріне істердің жекелеген санаттары бойынша міндетті медиация енгізу туралы семинарлық сабақ өткізді.

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми «Барыс» орденімен марапатталды

13/12/2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар қазақстандықтар еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан қомақты үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика соттарының судьялары мен қызметкерлері еліміздің ең басты мерекесіне орайластырылған бірқатар іс-шараларды өткізді

13/12/2016

Ақтөбе облыстық сотының судьялары мен соттары мамандарының қатысуымен арнайы демалыс орнында қысқы спорт жарысын ұйымдастырды.

Облыстық сот төрағасы Мұратғали Әкетай құттықтау сөзін білдіре отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы – еліміз үшін ерекше маңызы бар атаулы мереке екендігін айтты.

Сот төрелігі академиясында магистранттар қатарына қабылдаудың салтанатты рәсімі өтті

13/12/2016

Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясында магистранттар қатарына қабылдаудың салтанатты рәсімі өтті.

Академия ректоры Мұрат Бейбітов пен Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Абай Тоқсаба магистранттарды құттықтай отырып, оларға оқуда үздік, қызметте сәттілік тіледі.

Магистр билетінің макетін Магистранттар кеңесінің төрайымы Әсел Тасболатова мемлекеттік тілде білім алатын 1 курстың 1 тобының  өкіліне тапсырды.

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Б.Әметов облыс әкімінің Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұрғындарымен кездесуіне қатысты

13/12/2016

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің  Тайпақ ауылының тұрғындарымен, ауылдық округтердің еңбек ардагерлерімен, ұйымдардың, қожа шаруашылықтарының жетекшілерімен және кәсіпкерлермен «дөңгелек үстел» басындағы кездесуіне қатысты. Кездесуде сонымен бірге, ҚР индустриялдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Аманияз Ержанов, БҚО Төтенше жағдайлар Департаментінің басшысы Жаслан Жумашев және облыстық маслихаттың хатшысы Мәлік Құлшар болды.

14 судья мен сот жүйесінің қызметкерлері «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары атанды

13/12/2016

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы Гүлшара Әбдіқалыкованың төрағалық етуімен Шетелде кадрларды дайындау жөніндегі республикалық комиссиясының шешімімен 11 судья мен сот жүйесінің 3 қызметкерлеріне «Болашақ» стипендиясы берілді.

Сотта әйелдерді кемсітушілікке қарсы күрес бойынша семинар өтті

13/12/2016

Бүгін елордалық сотта жергілікті атқару органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының қатысуымен «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенциясы: психологиялық аспект» тақырыбында семинар- тренинг өткізілді.