Сот төрелігі академиясында магистранттар қатарына қабылдаудың салтанатты рәсімі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясында магистранттар қатарына қабылдаудың салтанатты рәсімі өтті.

Академия ректоры Мұрат Бейбітов пен Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Абай Тоқсаба магистранттарды құттықтай отырып, оларға оқуда үздік, қызметте сәттілік тіледі.

Магистр билетінің макетін Магистранттар кеңесінің төрайымы Әсел Тасболатова мемлекеттік тілде білім алатын 1 курстың 1 тобының  өкіліне тапсырды.

Салтанатты іс-шарада әрбір топ алдын-ала әзірленген презентациялық бейнероликті және шығармашылық өнерлерін көрсетті. 2 курс магистранттары тілектестік бағытындағы роликтерін көрсетті.

Іс-шара соңында профессор-оқытушылар құрамы атынан Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры Гүлназ Ганиева сөз сөйлеп, өз тілегін жеткізді.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі