Манфред Штендер (Германия) Сот төрелігі академиясының магистранттары мен қызметкерлеріне істердің жекелеген санаттары бойынша міндетті медиация енгізу туралы семинарлық сабақ өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Отставкадағы судья, еркін медиатор Манфред Штендер (Германия) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары мен қызметкерлеріне істердің жекелеген санаттары бойынша міндетті медиация енгізу туралы семинарлық сабақ өткізді.

Семинар барысында Штендер мырза Германиядағы сот медиациясы практикасын, соның ішінде медиацияның белгілері, медиация поцедурасының жақсы жақтары, медиацияны оқыту және қандай медиатор болуы тиіс туралы айтып өтті. Сондай-ақ ол Германияда медиация сот төрелігі жүйесінде үйлесімді енгізілгендігін атап өтті. Сот медиациясы айтарлықтай ықтимал сот процестерінің санын азайтады.

Кездесуден кейін,Штендер мырза профессорлар мен оқытушылар құрамы және магистранттардың сұрақтарына жауап берді.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі