Академия

Сот төрелігі академиясы судьялар мен магистранттар үшін тренинг өткізді

19/04/2017

Сот төрелігі академиясының Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы Жоғарғы Соттың жанындағы Халықаралық кеңестің ұсынымына сәйкес сот білімі бағдарламасы бойынша курс тыңдаушылары – аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, сондай-ақ, магистранттар үшін тренинг өткізді.

Тренинг процестік құжаттар мен олардың уәждемесін әзірлей отырып модельдік істер бойынша сот процесін қойылымдық негізде рөлдік ойындар түрінде өткізудің шетелдік тәжірибесіне негізделіп өткізілді.

Манфред Штендер (Германия) Сот төрелігі академиясының магистранттары мен қызметкерлеріне істердің жекелеген санаттары бойынша міндетті медиация енгізу туралы семинарлық сабақ өткізді

13/12/2016

Отставкадағы судья, еркін медиатор Манфред Штендер (Германия) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары мен қызметкерлеріне істердің жекелеген санаттары бойынша міндетті медиация енгізу туралы семинарлық сабақ өткізді.

Сот төрелігі академиясында магистранттар қатарына қабылдаудың салтанатты рәсімі өтті

13/12/2016

Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясында магистранттар қатарына қабылдаудың салтанатты рәсімі өтті.

Академия ректоры Мұрат Бейбітов пен Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Абай Тоқсаба магистранттарды құттықтай отырып, оларға оқуда үздік, қызметте сәттілік тіледі.

Магистр билетінің макетін Магистранттар кеңесінің төрайымы Әсел Тасболатова мемлекеттік тілде білім алатын 1 курстың 1 тобының  өкіліне тапсырды.

Сот төрелігі академиясында жаңа оқу жылы басталды

01/09/2016

2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында жаңа оқу жылы басталды. Академия «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспарының оқу мен сот практикасының өзара байланысын күшейтуге бағытталған 18-қадамын орындау мақсатында Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылды. Академияға жоғары оқу орнының айрықша мәртебесі берілді.

Жоғарғы Сот жанындағы департамент басшысы І. Испанов сот жүйесіндегі кәсіби кадрларды даярлаудағы өзгерістер туралы БАҚ-та сөз сөйледі

03/03/2016

Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ілияс Испанов сот жүйесіндегі кәсіби кадрларды даярлау бағытындағы елеулі өзгерістер туралы БАҚ-та сөз сөйледі.