Архив событий

21/12/2016

Жоғарғы Сот Төрағасы «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанған судьялармен және сот жүйесінің қызметкерлерімен кездесті

21/12/2016

Бүгін Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми 2016 жылғы «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанған судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлерімен кездесуі өтті. Іс-шараға «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (AIFC) басқарушы директоры Саясат Нұрбек, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің директоры Абай Тоқсаба, Жоғарғы Сот аппаратының жауапты қызметкерлері және 12 стипендиат (тізімі қоса беріліп отыр) қатысты.

Өскемен қаласының №2 соты бұрынғы патрульдік полиция қызметкеріне пара алғаны үшін 4 млн.астам теңгеге айыппұл салды

21/12/2016

Өскемен қаласының №2 соты ҚР ҚК 366-бабының, 2-бөлігімен (айтарлықтай мөлшерде пара алу, сол сияқты заңсыз әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн пара алу) қылмыс жасаған С-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Қостанай облыстық сотының төрағасы жас судьялармен кездесті

21/12/2016

Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев облыстың жас судьяларымен кездесіп, оларды жеке қабылдады.

Өңірде жұмыс өтілі екі жылға толмаған 16 судья бар. Олардың басым көпшілігі Сот төрелігі академиясының түлектері мен сот жүйесінде қызмет істеген мамандар.