Архив событий

26/12/2016

Павлодар облыстық сотының судьялары жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады

26/12/2016

Жаңа жыл мейрамы қарсаңында, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерей күніне арналған «25 ізгі іс» қайрымдылық акциясы шеңберінде 2016 жылғы 26 желтоқсанында Павлодар облысының судьялары «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Песчан № 2 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты» ММ-нің тәрбиеленушілерін құттықтады.

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының көшесінің біріне судья Қадыр Шыныбаевтың есімі берілді

26/12/2016

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында көшенің біріне судья Қадыр Шыныбаевтың есімі берілді.

Облыстық сот төрағасы Д.Әміров өз сөзінде: «Қадыр Көкенұлы елге сыйлы азамат, тәжірибесі мол жоғары кәсіби, білікті  судья және де сот-құқықтық жүйесін жетілдіруге көп еңбегі сіңген тұлға ретінде есімізде қалды. Шыныбаевтың атқарған қызметі ізбасар інілерін де, өскелең ұрпаққа  да үлгі-өнеге бола бермек»,- деді.