Архив событий

23/12/2016

Атырауда «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл – құқықтық реформа саласындағы жаңа белестер» атты конференция өтті

23/12/2016

Атырау облыстық соты мен облыстық әкімдік «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл – құқықтық реформа саласындағы жаңа белестер» ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференция жұмысына Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев, Атырау облыстық сотының төрағасы М.Бектұрғанов, маслихат депутаттары, Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғалымдары, судьялар, медиаторлар мен мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың, компаниялардың басшылары қатысты.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы жас судьялармен кездесулер өткізуде

23/12/2016

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов жас судьялармен кездесулер өткізуде.

Еңбек өтілі 3 жылға толмаған жас судьялармен кездесулер бекітілген кестеге сәйкес жеке тәртіпте әр апта сайын өткізіледі.

Әңгімелесу барысында облыстық соттың төрағасы сот ұжымдарындағы моральдық-психологиялық жағдайды зерделейді, Елбасы судьялардың VII съезінде қойған және Жоғарғы Сот төрағасы анықтаған міндеттерге ерекше мән береді.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Тарбағатай ауданында азаматтарды қабылдады

23/12/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Әміров Досжан Сарманқұлұлы Тарбағатай ауданында жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады.

Төрағаның қабылдауында жергілікті ауыл тұрғындары, ауданның кәсіби емес медиаторлары, Тарбағатай аудандық сотының жас судьясы болды. Қабылауға жазылған азаматтардың барлығы дерлік қабылданды.

Сот төрағасы аудан тұрғындарына қандай мәселені қай мемлекеттік органдарға жүгінуге болатындығын түсіндіріп, мәселенің шешімін табудың заң тұрғысындағы жолдарын ұғындырды.

Қазақстандық судьялар делегациясы Гамбургте (ГФР) жұмыс сапарында болды

23/12/2016

«Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау» атты тәжірибелік құралды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамына кіретін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары Ұлбосын Сүлейменова, Гүлжан Әлмағамбетова, Нұржан Қайыпжан мен Дүйсен Тұмабеков 2016 жылдың 18-23 желтоқсанында Гамбургкте (ГФР) жұмыс сапарында болды.

Жұмыс сапары Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының қолдауымен жүзеге асырылды.

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы азаматтың зейнетақысын алу құқығын қорғаған бірінші сатыдағы сот шешімін заңды деп таныды

23/12/2016

Сотта анықталғандай, талапкер «К» өртке қарсы қызмет органында прапорщик дәрежесінде қызмет атқарған және «Өрт сөндіру қызметі және апаттық-құтқару жұмыстары» ММ-нің бұйрығымен қызмет етудің шекті жасына жетуіне байланысты өртке қарсы қызмет органынан өртке қарсы көлік жүргізушісі лауазымында запасқа шыққан.