Архив событий

12/12/2016

Қытай Жоғарғы Халық Сотының делегациясы Астанаға жұмыс сапарымен келді

12/12/2016

Қытай Жоғарғы Халық Сотының (ҚХР ЖХС) делегациясы Астанаға жұмыс сапарымен келді.

Бұл қазақстандық судьялардың Қытайға жасаған сапарына қарымта іссапар болып табылады. Екі тарап сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды қолдану саласындағы және банкроттық туралы істерді қараудағы сот практикасының өзгеруі бойынша тәжірибе алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізген болатын.

Қарағандыда «Сот кабинеті» сервисі ақпараттық жүйесінің белсенді пайдаланушылары марапатталды

12/12/2016

Қарағанды облыстық сотында «Сот кабинеті» сервисін белсенді пайдаланушылар арасындағы облыстық сайыстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисі онлайн-сервистарғе және сот органдарының қызметіне қол жеткізудің бірыңғай терезесі, сот жүйесінің органдары мен халықтың өзара әрекеттестігі бойынша оң нәтиже береді.

Жоғарғы Сот Төрағасы азаматтардың кезекті қабылдауын өткізді

12/12/2016

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы азаматтардың кезекті қабылдауын өткізді.

Бұл күні Қайрат Мәмидің қабылдауында республика бойынша 5 адам болды.

Жоғарғы Сот Төрағасына жүгінгендердің көбісі жергілікті соттардың шығарған сот шешімдерімен келіспейтіндіктерін жеткізді. Осы азаматтарға заңнамаға сәйкес жоғары сот сатыларына шағым келтіру тәртібі түсіндірілді.

Жоғарғы Сот Төрағасының қабылдауында болғандар өз сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Жоғарғы Сотта «Сот саласындағы сыбайлас жемқорлық қаупін болдырмау және алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өтті

12/12/2016

Бүгін Жоғарғы Сот ғимаратында «Сот саласындағы сыбайлас жемқорлық қаупін болдырмау және алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Дәрісті халықаралық сарапшы, Таллин аумақтық сотының қылмыстық істер жөніндегі палатасының судьясы (Апелляциялық сот) Павел Гончаров жүргізді. Іс-шараны Жоғарғы Сот БҰҰ «Қазақстандағы сот саласының мониторингін жетілдіру» дамыту бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырды.

Жоғарғы Сот интернет-ресурсының «Сот кабинеті» сервисі жаңа қызметтермен толықты

12/12/2016

Электрондық қызметтерді кеңейту мақсатында Жоғарғы Сот интернет-ресурсының «Сот кабинеті» сервисінде «Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы өтініш» және «Сот процесін кейінге қалдыру туралы өтініш» жіберу үшін жаңа нысандар іске қосылды. Аталған қызметтерге «Іс бойынша құжаттар» бөлімінде қол жеткізуге болады. Өтінішті жіберу үшін ұсынылған нысанды толтырып оған қажетті құжаттарды қоса тіркеп, электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойып белгіленген сот органына жолдау қажет. Өтінішті қарау барысын «Менің істерім» бөлімінен көруге болады.

Сот Қорғаныс министрінің бұйрығын заңсыз деп танып, әскери қызметшіні жұмысына қайта орналастырды

12/12/2016

Ақмола гарнизонының әскери соты талапкер азамат М.-нің, жауапкер «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі» мемлекеттік мекемесіне жұмыстан шығарылған бұйрықтың күшін жойып, алдынғы қызметіне қайта орналастыру, мәжбүрлі бос жүрген уақыты үшін өтемақы және моральдық зиянды өндіріп алу жөніндегі талап арыз бойынша азаматтық істі қарады.

Сот анықтағандай, талапкер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабында жұмылдыру-ұйымдастыру департаментінің бастығы болып қызмет атқарған.