Архив событий

15/12/2016

Құрметті оқырмандар!

15/12/2016

Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаймын!

Сот төрелігі академиясының ректоры Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиынын өткізді

15/12/2016

Сот төрелігі академиясының ректоры Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Бұл шараға профессорлар мен оқытушылар құрамы, магистранттар, және Академиясының әкімшілік қамтамасыз ету қызметі қатысты.

Тәуелсіздік күні қарсанында сот жүйесінің қызметкерлері қайырымдылық акциясын өткізді

15/12/2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсанында, Жоғарғы сот департаментімен және Астана қаласасында орналасқан соттармен қайырымдылық акциясыжасалды.

Акция шеңберінде сот жүйесінің қызметкерлері көпбалалы, аз қамтылған отбасыға қайырымдылық көмеккөрсетті.

7 баланының анасы, «Алтын алқа» кеуде белгісінің иегері Марияш қала шетіндегі ауданында тұрады. Отбасының материалдық жағдайы төмен, меншігінде баспанасы жоқ. Қазіргі уақытта жатақханада бөлме жалдап тұруға мәжбүр.

Сот төрелігі академиясына «Қазақстанда қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» атты Еуропалық Одақ жобасының оқыту компонентінің жетекшісі және менеджері Том Паттерсон келді

15/12/2016

Ағымдағы жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына «Қазақстанда қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» атты Еуропалық Одақ жобасының оқыту компонентінің жетекшісі мен менеджері Том Паттерсон келді.

Еуропалық Одақ (ЕО) қаржыландыратын «Қазақстанда қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» жобасы бұл Қазақстандағы ЕО өкілдігінің жүзеге асырып жатқан «Қазақстан Республикасында сот реформасын қолдау» атты үлкен бағдарламаның бір бөлігі болып табылады.

Қарағандыда сот жұмыстан шығарылған мектеп директоры жұмыс орнында қалпына келтірілді

15/12/2016

Теміртау қалалық сотымен И.-дың «Теміртау қаласының білім беру бөлімі» ММ-не бұйрықтарды даулау, жұмыс орнында қалпына келтіру, моральдық және жалақыны өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралған.

Талап арызға сәйкес «Теміртау қаласының білім беру бөлімі» ММ басшысының «2016-2017 оқу жылдарына жалпы білімді мектептерді (гимназия, лицей) дайындау қорытындысы туралы» бұйрығымен «Теміртау қаласының № 24 жалпы білімді орта мектебі» КММ-нің директоры, заңды тұлғаның атқару органы басшысы И.-дың өкілеттілігі тоқтатылған.