Сот төрелігі академиясының ректоры Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиынын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот төрелігі академиясының ректоры Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Бұл шараға профессорлар мен оқытушылар құрамы, магистранттар, және Академиясының әкімшілік қамтамасыз ету қызметі қатысты.

Академия ректоры Республика Президенті Н.Назарбаев бес институционалдық реформалар арасында заң үстемдігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы сот төрелігінің өзекті мәселелерін шешу үшін қабылданған «Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін 100 қадам» аясында 11 қадамды белгіледі.

Жоспардың 18 қадамында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының қалыптастыру туралы ереже бекітілген.

Ағымдағы жылдың 18 ақпанында Ұлт жоспарының ережесін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясы құрылды.

Сот төрелігі академиясы ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орны ретінде 3 бағытта жұмыс істейді: магистратура, судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау және ғылыми-зерттеу жұмыстары. Академия сот жүйесі мен сот төрелігі мәселелерін зерттеу шеңберінде көптеген халықаралық ұйымдар мен білім беру мекемелерімен тұрақты негізде ынтымақтасады. Жоғарғы Соттың қамқорлығымен, ағымдағы қажеттіліктер негізінде Академия сот жүйесін жаңғыртуға бағытталған жаңа білім мен бастамаларды қалыптастырады.

Академия мақсатты болашақ судьялардың жаңа қазақстандық патриотизмін қалыптастыру және тәрбиелеу саласында айналысады, жанжалдарды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Оқу жоспарының бірқатар пәндерінде магистранттардың жеке құзыреттіліктерін дамыту қарастырылған.

Осы мақсатта, Академия болашақ судьялар ретінде судьялар мен магистранттардың құқыққолдану әрекеттерін одан әрі жақсартуға ықпал ететін семинарлар мен тренингтер ұйымдастыруды белсене жүргізеді және қатысады. Мұндай шаралар құқықтық қатынастардың әр субъектісінің құқықтары мен заңды мүдделерін тиісті қорғалуына ықпал ететін болады, осылайша елдегі заң үстемдігін қамтамасыз етеді.

Содан кейін, Академия ректоры Академияның оқытушылар мен қызметкерлері, сондай-ақ магистранттарға Аадемияның қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапаттады.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі