Құрметті оқырмандар!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Бұл – бейбітшілік пен келісім, бірлік пен достық секілді құндылықтар дәріптелетін ең маңызды мерекелердің бірі.  Мемлекет басшысы тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап бірлігі бекем ел болуға үндеп келеді. Халқымыздың бірлігі – біздің жарқын жетістіктеріміздің кепілі, ұлты мен діни наным-сеніміне қарамастан еліміздің әрбір азаматы болашағы біртұтас ұлт құруға атсалысуда.

Ұлтаралық келісім – қоғамдық өмірдің көптеген саласындағы мемлекеттік органдар мен әлеуметтік институттардың салиқалы әрі тиянақты қызметінің жемісі. Бұл ретте Қазақстан халқы Ассамблеясының алар орны ерекше. Дәл осы институт еліміздегі тұрақтылықты нығайтудың жаңа тәсілдерін үнемі ұсына отырып, республикадағы осы ауқымды жұмысты үйлестіріп отыр. Жоғарғы Сот Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, елімізде өзара түсіністік пен келісім негізінде көптеген даулы мәселелерді шешудің тиімді құралы болып табылатын медиация институтын жүйелі дамытып келеді.

Еліміздің сот жүйесінде 28 ұлт өкілінен құралған судьялар мен сот қызметкерлері жұмыс істеуде. Олардың барлығы да Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының жалпыәлемдік стандарттарына сәйкес ел аумағында заң үстемдігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуда. Қазақстандық соттардың халықаралық рейтингтерінің жыл сайынғы артуы мен тұрғындардың соттарға деген жоғары сенімі осы табысты қызметтің тікелей нәтижесі болып табылады.

Құрметті достар! Осынау мейрам күндері әрбір шаңырақта мерекелік дастархан жайылып, ағайын-туыс пен дос-жаранның басы қосылып, жақсы тілектер айтылып, көтеріңкі көңіл-күй орнау дәстүрге айналған.

Баршаңызға зор денсаулық, құт-береке, толайым табыстар, елімізде келісім мен ынтымақ нығая берсін деп тілеймін! 

 

Жоғарғы Сотының Төрағасы                                                                                                     Қайрат Мәми

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі