Құрметті оқырмандар!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихы үшін бұл күн айрықша маңызға ие. Тарихи тұрғыдан алғанда аз ғана уақыттың ішінде республикамыз елеусіз елдердің қатарынан жан-жақты дамыған, әлемдік қауымдастық мойындаған алдыңғы қатарлы мемлекетке айналды. Елімізде заманауи бәсекеге қабілетті экономика қалыптасты. Тәуелсіздік жылдарында ЖІӨ 23 есеге артып, еліміздің әр тұрғынына шаққанда 13 мың АҚШ долларына жетті. Республикада бүкіләлемдік стандарттарға толығымен сай келетін заманауи саяси жүйе, тиімді заңнама және құқықтық институттар құрылды. Тәуелсіздігіміздің арқасына бой көтерген еліміздің бас қаласы – жаңа  Астана барлық қазақстандықтардың мақтанышына айналды.

Барлық жетістіктер еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында жүзеге асты. Оның көрегендігі мен ұтымды шешімдер қабылдауының нәтижесінде республикамыз халықаралық деңгейде зор құрметке ие болды, ал елімізде тыныштық пен татулық салтанат құруда. Нұрсұлтан Әбішұлы елімізді дамыту жолында барша қазақстандықтарды ауқымды әрі нақты мақсаттарға жұмылдыра білді. Басты мақсат – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

Тәуелсіздікті нығайтуға еліміздің сот жүйесінің де зор үлес қосып отырғаны көңілге қуаныш ұялатады. Отандық сот төрелігі жүйесінің тиімділігін бір ғана көрсеткішпен айтуға болады. Егер 1992 жылы соттар  барлығы 268 281 істі қараса, тек қана ағымдағы жылдың 10 айының ішінде соттарға 1,7 миллионнан астам немесе алты есе көп іс келіп түскен. Бұл азаматтар тарапынан соттарға деген сенімнің айқын көрсеткіші. Барлық істер дер кезінде, сапалы әрі созбалаңға салынбай қаралуда. Республикадағы судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлері алдағы уақытта да заң үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бар күш-жігерін сала береді деп сенемін.

 Осы мерейлі мереке күні сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, толайым табыс және береке-бірлік тілеймін!

Тәуелсіз Отанымыз – Қазақстан Республикасы өркендеп, одан әрі дами берсін!

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі