Жоғарғы Сот Төрағасы судьялар мен сот қызметкерлерін ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Жоғарғы Сотта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздінің 25- жылдығына  арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға  Жоғарғы Соттың алқа төрағалары мен судьялары, Соттардың қызметін қамтамасын ету департаментінің басшылығы мен қызметкерлері және сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

Салтанатты жиында сөйлеген сөзінде Қ.Мәми: «2016 жыл түгелдей ел Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында өтуде. Тарихи тұрғыдан алғанда аз ғана уақыттың ішінде республикамыз елеусіз елдердің қатарынан жан-жақты дамыған, бүкіл әлем жұртшылығы мойындаған алдыңғы қатарлы мемлекетке айналды»,- деді.  Осы ретте Қ.Мәми дүниежүзінде  ауқымы жағынан төртінші орын алатын ядролық қарудан бас тарту, ЕҚЫҰ саммитін өткізу, Еуразиялық одақты құруға ұйытқы болу, Азиада, Әлемдік және дәстүрлі діндер құрылтайын өткізу, ЭКСПО-2017 көрмесі сынды халықаралық тұрғыда ел шежіресіне енген,  маңызды, ауқымды  шараларды атап өтті.

Жоғарғы Сот Төрағасы жетістіктеріміз, соның ішінде, заманауи, бәсекеге қабілетті экономиканы жүзеге асыру барысында атқарылып жатқан ауқымды істер туралы айтты. Тәуелсіздік жылдарында ЖІӨ 23 есеге өсіп, еліміздің әр тұрғынына шаққанда 13 мың АҚШ долларына жетті. Республикада бүкіләлемдік стандарттарға толықтай сай келетін сай саяси жүйе, тиімді заң шығарушы, құқықтық мемлекет құрылды. Тәуелсіздігіміздің арқасына бой көтерген еліміздің  бас қаласы – жаңа  Астана барлық қазақстандықтардың мақтанышы және жауһар қазынасы болып табылады

«Осының барлығы еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  сарабдал саясатының арқасында жүзеге асып отыр. Алысты болжап, ақылды шешімдер қабылдаудың нәтижесінде  бүкіләлемдік құрметке ие болдық, ал елімізде тыныштық пен татулық үстемдік құруда. Нұрсұлтан Әбішұлы ортақ мақсат жолында барлық қазақстандықтарды өзінің маңына топтастырып, өркениет көшінің алғы шебіне шығарды. Ең басты мақсат – дамыған 30 елдің қатарына қосылу»,- деді Қ.Мәми.

Жоғарғы Сот Төрағасы ел Тәуелсіздігінің тұғырлы болуына сот жүйесінің қосып отырған қомақты үлесін атап көрсетті. Үстіміздегі жылы  республика судьяларының VII съезі өтіп, онда алдағы атқарылар ауқымды істердің шаралары белгіленді. Cот төрелігін жүзеге асырудағы ұлттық жүйенің тиімділігі туралы бір ғана көрсеткішпен айтуға болады: егер де 1992 жылы соттар  барлығы 268 281 істі қараса, тек қана биылғы жылдың 10 айының ішінде соттарға 1,7 миллион немесе алты есе көп іс келіп  түскен. Осы түскен істердің  барлығы дер кезінде, сапалы әрі созбалаңға салынбай қаралуда. Осылайша, біздің судьялар өз міндеттерін  абыроймен, мінсіз атқаруда. Осының барлығы ел азаматтарының сотқа деген сенімінің жоғарылай түскенінің айқын айғағы.

«Соттардың тиімді жұмысы – осы залда отырған судьялардың, Департамент басшылығы мен қызметкерлерінің күнделікті қажырлы еңбегінің жемісі. Бұл 2,5 мыңнан астам судья мен жергілікті жердегі сот қызметкерлерінің еңбегі», - деп атап өтті Қ.Мәми. Сот жүйесіндегі ең басты жетістік – Ұлт Жоспарында атап көрсетілгендей, істерді уақытында, заңды қарап, жаңа технологияларды өндіріске батыл енгізу болып табылады.

Қ.Мәми барлық жиналғандарға күнделікті тиімді қызметі үшін алғыс білдіре келе: «Сіздер ел басшылығы судьялық корпустың алдына қойған міндеттерді абыроймен жүзеге асырудасыздар. Мұның барлығы сіздердің ел тәуелсіздігін қамтамасыз етуге қосқан сүбелі үлестеріңіз болып табылады»,-деді.

Бұдан кейін Жоғарғы Сот Төрағасы судьялар мен сот қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті.

Солардың  қатарында Алматы облыстық сотының төрағасы  Мейрамбек Таймерденов – Парасат» орденімен, Жоғарғы Соттың судьялары Бағлан Мақұлбеков және Моряк Шегенов – «Құрмет» орденімен, Астана қалалық сотының судьясы Таисия Мирзоян, Әскери соттың судьясы Қуаныш Саманбетов, мамандандырылған сот алқасы хатшылығының меңгерушісі  Лаура Құрмантаева «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы  Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Қайрат Елібаев және Астана қалалық соттар әкімшісінің басшысы  Ренат Тауымбетов Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасына ие болды.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік  медалімен отставкадағы судья Сансызбек Райымбаев пен Тиышты Тоғымбетова;

Жоғарғы Соттың ведомстволық наградаларымен  Жоғарғы Сот судьясы Қалидола Шаухаров I дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен және  Астана қалалық сотының төрағасы Тілектес Бәріпбаев II дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Заңгерлер одағының төрағасы Рахмет Мұқашев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Құрмет грамотасымен наградталды.

Қ.Мәми Қарағанды облыстық сотының судьясы Светлана Миночкина мен Қарағанды облысы мамандандыралған ауданаралық сотының судьясы Исламхан Есенбаевтың «Құрмет» орденімен наградталғанын атап өтті.

300-ден астам судья, отставкадағы судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлері ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына  арналған мерекелік  медалға ие болды. Мерекелік медалдар мен ведомстволық наградалармен 30-ға жуық сот жүйесінің ардагерлері марапатталды. 130-ға жуық судья мен сот қызметкерлері ведомстволық  наградалармен марапатталды.

Нагадталғандардың қатарында Жоғарғы Соттың бұрынғы төрағасы  Тамас Қалмұхамбетұлы  Айтмұхамбетов те бар. Қ.Мәми оны ел Тәуелсіздігнің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтады.

Мұнан кейін Судьялар одағының хатшысы Жазбек Әбдиев және Заңгерлер одағының төрағасы Рахмет Мұқашев құттықтау сөз сөйледі.  Салтанаттың жиынның соңы мерекелік концертке ұласты.

Осы күні Департаменттің бір топ қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі