Жоғарғы Сот «Теңіз-Шевройл» ЖШС-нің дауды Астана сотында қарау туралы құқығын таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Теңіз-Шевройл» ЖШС-гі сотта "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Атырау облысы бойынша Департаментінің коммерциялық ақпаратты талап ету жөніндегі әрекетіне дау айтты.

Осы дау бойынша азаматтық іс бірінші сатыдағы сотпен Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолданған.

Жоғарғы Сот «Теңіз-Шевройл» ЖШС-нің жеке шағымын қанағаттандырып, дауды инвестициялық қызметпен байланысты деп танып, істі Астана қаласының сотына бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарау үшін жолдады.

2016 жылдан бастап, инвестициялық даулар, сондай-ақ инвестордың инвестициялық қызметіне байланысты даулар Жоғарғы Сотпен және Астана қаласының сотымен бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қаралатынан еске саламыз.

Аталған жағдай жаңа Азаматтық процестік кодексте «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы инвесторлардың мүддесін қорғау және Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсарту қадамын жүзеге асыру мақсатында қарастырылған.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі