Тәуелсіздік күні қарсанында сот жүйесінің қызметкерлері қайырымдылық акциясын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсанында, Жоғарғы сот департаментімен және Астана қаласасында орналасқан соттармен қайырымдылық акциясыжасалды.

Акция шеңберінде сот жүйесінің қызметкерлері көпбалалы, аз қамтылған отбасыға қайырымдылық көмеккөрсетті.

7 баланының анасы, «Алтын алқа» кеуде белгісінің иегері Марияш қала шетіндегі ауданында тұрады. Отбасының материалдық жағдайы төмен, меншігінде баспанасы жоқ. Қазіргі уақытта жатақханада бөлме жалдап тұруға мәжбүр.

Сот қызметкерлері отбасыны бірінші қажетті азық-түлікпен, жылы киім-кешектермен, тұрмыстық техникамен, мектепке қажетті заттармен және баллар ойыншықтарымен қамтамасыз етті.

Марияш ана көрсетілген көмек пен қолдау үшін сот қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.

Департамент басшысы А.Тоқсаба, батыр ана мен әңгімелесу барысында бұл қайырылымдық акциясы Астана қаласының соттарымен макулатура жинап, тапсырғаннан түскен қаражатқа мүмкін болғанын атап өтті. Әңгімелесу соңында А.Тоқсаба балаларға зор денсаулық тілей отырып, мұндай қайырымдылық акциялары алдағы уақытта тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.

Әскери соттар әкімшісінің басшысы Н.Байтілесов, өз сөзінде, сот жүйесінің қағазсыз электрондық құжатайналымына көшуі кеңсе қағаздарын сатып алуға кететін бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді. Сатып алынатын аз көлемдегі кеңсе қағаздары пайдаланғаннан кейін қоқысқа тасталмай, жинақталып, макулатура өңдейтін арнайы мекемелерге тапсырылады. Түскен қаражат қайырымдылыққа бағытталатынын атап өтті.

Еске салсақ, ҚР Жоғарғы Сотының бастамасымен 2016 жылдың сәуір айынан бастап республика соттары макулатура жинау жұмысын қолға алған болатын. Бүгінгі күні республика бойынша барлық соттардан 70 тоннадан астам макулатура жиналып, одан 2 млн.теңге шамасында қаражат түскен. Оның ішінде 8 тоннадан артық макулатураны Астана қаласында орналасқан соттар, соның ішіде Әскери соттармен жиналған. 

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі