Жоғарғы Сот құжаттарды апостильдеу мемлекеттік қызметін көрсету процесін оңтайландырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Азаматтар үшін әкімшілік кедергілерді жеңілдету мақсатында Жоғарғы Сот сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді одан әрі оңтайландыру жұмысын жүзеге асырды.

Оңтайландыру процесі апостиль қою бойынша Жоғарғы Соттың өкілеттігін облыстардағы аумақтық органдарға бере отырып, функциялардың орталықсыздандыруын көздейді.

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы түскен өтініштер бойынша қызмет көрсетудің мерзімі 20-дан 5 күнге дейін қысқартылды.

Оңтайландыру процесі көрсетілетін қызметті алушылардың мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған және апостиль қойылған құжаттарды барынша қысқа мерзімде алуға мүмкіндік береді.

 

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі