Жоғарғы Сотта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Жоғарғы Сотта 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты жиын болып өтті.

Іс-шараға алқа төрағалары мен Жоғарғы Сот судьялары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылық құрамы мен қызметкерлері қатысты.

Департамент басшысы Н.Шәріпов жиналғандарды мерекемен құттықтады. Оның айтуы бойынша бұл еліміздің заманауи тарихында осыдан алты жыл бұрын пайда болған мереке. Бұл күннің айрықша идеологиясы және идеялық тұғырнамасы бар. Бұл – республикамызда қабылданған ең маңызды саяси шешімдердің бірін пайымдайтын күн. Дәл осы күні жалпыхалықтық референдумда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақстандықтардың зор сеніміне ие болып, еліміздің Тұңғыш Президенті болып сайланды.  

Мемлекет басшысы – азаматтар және адамдардың құқығы мен бостандығының, Конституция тұрақтылығының, мемлекеттік билік пен халық бірлігінің кепілдігі мен нышаны болып табылады.  Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Мемлекет басшысының рөлі зор. «Тұңғыш Президенттің тікелей қатысуымен бүкіләлемдік стандарттарға толығымен сай келетін мықты сот билігі қалыптасты. Қазақстанның сот корпусы Мемлекет басшысы анықтаған міндеттерге сәйкес қоғамның барлық сұраныстарын өз деңгейінде қанағаттандырып, заң үстемдігін тиімді қамтамасыз етуде», - деді Н.Шәріпов.

Одан әрі «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасының түлегі, халықаралық байланыстар және протокол бөлімі меңгерушісінің орынбасары Алмат Игенбаев пен Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелегі академиясының түлегі, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы хатшылығының бас консультанты Әсел Тасболатова сөз сөйледі.

Салтанатты іс-шара «Үздік сот аудармашысы» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттаумен жалғасты. Бас жүлдені Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы Әйгерім Ахметова иеленді. Бірінші орынды Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының бас маманы Төленді Боранов, екінші орынды – Астана қаласының Алматы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Ғани Тәжімбетов, үшінші орынды Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі бас маманы Асылжан Әділмұратова иеленді. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Іс-шара сот қызметкерлері әзірлеген концерттік бағдарламамен аяқталды.

 

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі