«Сот кабинетінің» дизайны жаңарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Дизайны жаңарған «Сот кабинеті» сервисінің барлық қолданушыларына Жоғарғы Соттың «Сот актілерінің банкі», «Сот құжаттарымен танысу», «Сот істерін қарау кестесі», «Хабарламаға сот құжаттарын көру» және «Сотқа шақыру қағазы секілді онлайн-сервистері авторизация жасамай-ақ қолжетімді болып отыр. 

Жаңа дизайнда қолданушыларға барынша ыңғайлы болуы үшін арыздарды, шағымдарды, өтініштер мен өтінішхаттарды беру тәртібі өзгеріссіз қалды.

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисі үнемі жетілдірілуде, сот төрелігіне қолжетімділікті арттыру мақсатында жаңа функционалдар мен қызмет түрлері енгізілуде. Сервис – сот ісін жүргізуге қатысы бар заңгерлер қауымдастығы мен азаматтардың негізгі құралы. Ол іске қосылған сәттен бастап, соттарға 2 миллион 700 мыңнан астам құжат жолданды. Бұл сот ісін жүргізуде IT-технологияларды қолданудың жоғары деңгейде қарқын алып отырғандығын айқындайды.

Қазіргі уақытта істер санаты  мен материалдардың бірыңғай жіктегіші, сот тәжірибесін жинақтау және Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын пайдалану негізінде қалыптасқан «Талдау» форумын дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығын атап өткен жөн. Жаңа форматта «Талдау» форумы пайдаланушыларға логин мен парольді енгізусіз-ақ қолжетімді.

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі