Қарағандыда сот жұмыстан шығарылған мектеп директоры жұмыс орнында қалпына келтірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теміртау қалалық сотымен И.-дың «Теміртау қаласының білім беру бөлімі» ММ-не бұйрықтарды даулау, жұмыс орнында қалпына келтіру, моральдық және жалақыны өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралған.

Талап арызға сәйкес «Теміртау қаласының білім беру бөлімі» ММ басшысының «2016-2017 оқу жылдарына жалпы білімді мектептерді (гимназия, лицей) дайындау қорытындысы туралы» бұйрығымен «Теміртау қаласының № 24 жалпы білімді орта мектебі» КММ-нің директоры, заңды тұлғаның атқару органы басшысы И.-дың өкілеттілігі тоқтатылған.

Бұйрық шығару үшін келесі негіз болды, жалпы білімдік мектептерін тексеру барысында білім беру үйымдарын 2016-2017 оқу жылдарына дайындау үшін тиісілі емес шараларын тағайындау бойынша фактілері анықталды. «Теміртау қаласының № 24 жалпы білімді орта мектебі» КММ-де мектеп аумағы, соған қоса дене шынықтыру алаңы дайындалмаған, солардың барлығы оқушылардың оқу сапасы мен талаптарына қаушы келеді.

Талапкер өзінің әрекеттерінде еңбек міндеттерін тиісілі емес дәрежеде орындағанымен көрінген тәртіптік бұзушылық бар деп есептейді. Ол жоғарыда аталған бұйрығын заңсыз және негізсіз деп тануды сұрады.

Сот И.-дың талап арызын ішінара қанағаттандыруды шешті.

«Теміртау қаласының білім беру бөлімі» ММ басшысының «2016-2017 оқу жылдарына жалпы білімді мектептерді (гимназия, лицей) дайындау қорытындысы туралы» бұйрығы «Теміртау қаласының № 24 жалпы білімді орта мектебі» КММ-нің директоры, заңды тұлғаның атқару органы басшысы И.-ның лауазымын тоқтату бөлігінде заңсыз деп танылды.

«Теміртау қаласының білім беру бөлімі» ММ басшысының бұйрығы «Теміртау қаласының № 24 жалпы білімді орта мектебі» КММ-нің директоры, заңды тұлғаның атқару органы басшысы И.-мен еңбек шартын бұзу туралы бөлігінде заңсыз деп танылды.

И. «Теміртау қаласының № 24 жалпы білімді орта мектебі» КММ-нің директоры лауазымына қалпына келтірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз-қызметі