14 судья мен сот жүйесінің қызметкерлері «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары атанды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы Гүлшара Әбдіқалыкованың төрағалық етуімен Шетелде кадрларды дайындау жөніндегі республикалық комиссиясының шешімімен 11 судья мен сот жүйесінің 3 қызметкерлеріне «Болашақ» стипендиясы берілді.

Стипендиаттар – Жоғарғы Соттың судьясы Мадияр Балкен, Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Берік Естай, Қазақстан Республикасының Әскери Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жандос Мұсабекұлы, Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Исатай Сматов.  

Республика сот жүйесінің 13 өкілі 2017 жылдың сәуір айынан қазан айына дейін  Ұлыбританияда ғылыми-практикалық тағылымдамадан өтеді.

Тар шеңберде мамандандырылған оқу бағдарламасы Ұлыбританияның екі университетінің әріптестігімен («Law Society») Ағылшын және Уэльс Заңгерлер қоғамының жәрдемдесуімен ұйымдастырылған. Бағдарлама заң терминологиялар бойынша курстардан, Ұлыбританияның сот жүйесі мен адвокаттар палаталарында практикалық бөліктерден, академиялық курстардан тұрады. Бұдан басқа, практикалық бөлігі заңды семинарлардан, сот процестері мен заңды іс-шаралар көрсетілімдерімен толықтырылады.

1 стипендиат – Батыс Қазақстан облысының Орал қаласының № 2 сотының судьясы Раушан Исабекова (2016 жылдың қазан айынан 2017 жылдың қазан айына дейін) тағылымдамасын Нью-Йорк пен Бостан (АҚШ) қалаларында Гарвард Университетінің бағдарламасы бойынша  бастап кетті. Бағдарламаға  «Халықаралық қаржы орталықтарын басқару және дамыту: Астананың Халықаралық қаржы орталығына халықаралық модельдер мен тәжірибенің бейімделуі  және нормативтік талдау» тақырыбына тезистер мен рефераттарды жазу енгізілген.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін 2017 жылғы басым мамандықтар тізіміне «Құқық» мамандығын енгізу, Қазақстан тәжірибесіне әрі қарай енгізу үшін, қазақстандық судьяларды ағылшын қоғамының және коммерциялық құқықтың негіздерімен қамтамасыз етуге бағытталған.

Комиссия шешімімен барлығы магистратура және докторантурада білім алатын 231 үміткерге стипендия тағайындалды, сондай-ақ  әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына  тағылымдамадан өтуге жіберіледі. 

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі