оқу

Атырауда Билер кеңесінің Жарғысы жасақталды

26/10/2018

Атырау облыстық сотында өңірде «Билер кеңесі» консультативты - кеңесші органын құру бойынша бастамашыл топтың отырысы өтті.

Оның жұмысына татуластыру рәсімдері бойынша үйлестіруші-судьялар, Қоғамдық кеңестің, Ардагерлер кеңесінің, Қоғамдық келісім, Аналар кеңесінің, этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары, Әділет департаменті, әкім аппараты және ішкі саясат басқармасының басшылығы қатысты.

Сот төрелігі академиясының басшылығы серіктес жоғары оқу орындарының салтанатты іс-шараларына қатысты

17/09/2018

Сот төрелігі академиясының ректоры Төлеш Қаудыров Ресейдегі Орал мемлекеттік заң университетінің құрылғанына 100 жыл толуына орай жыл сайынғы Еуропалық-Азия құқықтық конгресінің жұмысына қатысты. «Құқық және әділдік: ғаламдық сын-қатерлер» атты конгресс а.ж. 13-15 қыркүйекте Екатеринбургте өтті.

Конгресс жұмысына жетекші ғалымдар, әділет, нотариат органдары мен түрлі заңгерлік қауымдастықтардың өкілдері, сондай-ақ таяу және алыс шетелдерден келген халықаралық сарапшылар қатысты.

Солтүстік Қазақстан облысының судьялары көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдысын игерді

03/07/2018

Жоғарғы Сот Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің және «Ел тірегі» Қазақстанның шағын және орта бизнес қауымдастығының қолдауымен Солтүстік Қазақстан облысының судьялары үшін екі күндік семинар-тренинг өткізді.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жатқан қазақстандықтар Ұлыбританияда Наурыз мерекесін атап өтті

26/03/2018

Республика  соттарының 9 судьясы мен 3 маманы еліміздің Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссияның «Болашақ» халықаралық стипендиясының «IFCA қызметкерлері» санатындағы иегерлері болып бекітілген.

6 айлық тағылымдама City University London және Into London оқу орындарында өтеді.  

Батыс Қазақстан облыстық сотында бұйрықтық іс жүргізу және банктік дауларды қарау мәселелері туралы семинар өтті

25/05/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотында азаматтық істерді қарауға мамандандырылған судьялардың қатысуымен азаматтық құқық тақырыбында семинар өтті.

Семинарға қатысушылар 2016 жылғы және 2017 жылдың 1-тоқсанында облыс соттарының азаматтық істерді бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау, соның ішінде, бұйрықтық іс жүргізу арқылы мемлекеттік баж салығын өндіріп алу жөніндегі істер бойынша талдауды зерделеді.

Алматы облыстық сотында сот шешімін әзірлеу әдістемесі бойынша жас судьяларға арналған семинар өтті

21/04/2017

Қазақстандағы өкілдігімен (ABA ROLI) ынтымақтастық аясында семинар өткізілді.

Семинар жұмысына Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қалдарбек Досымбет, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының отставкадағы судьясы Инесса Қуанова, сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Маңғыстау облыстық соты жоғары оқу орнымен өзара ынтамақтастық туралы меморандумға қол қойды

07/04/2017

Меморандумға Маңғыстау  облыстық  сотының төрағасы Жақсылық Аланов пен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры Әнуар Ботабеков қол қойды.

Өз сөзінде Ж.Аланов оқу процесін сот тәжірибиесінің материалдарымен толықтыру және сот төрелігін жүзеге асыру бағытында ғылыми ізденістерді енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Жоғарғы Cот судьялары Сот төрелігі Академиясының тыңдаушыларымен әкімшілік істерді қарау кезінде туындайтын мәселелерді талқылады

05/04/2017

Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының судьялары Талғат Баратбеков, Бейбіт Шермұхаметов, Денис Шипп және  Нұржан Жолдасбеков арнайы ұйымдастырылған «дөңгелек үстел» жұмысына қатысып, Сот төрелігі академиясының тыңдаушылармен бірлесіп, әкімшілік істерді қарау барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылады.

Жоғарғы Сотта Сот оқуы жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

05/04/2017

Кеңес мүшелері жергілікті соттардың судьяларының жоғары тұрған соттарда тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру мәселелерін, Сот төрелігі академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар туралы есебін, сондай-ақ Академияда оқу процесін жүзеге асырудың негізі – сот қызметкерлеріне білім беру моделін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылады.

Атырауда жас судьялар әріптестерінің алдында сот процесін өткізді

27/03/2017

Атырау облыстық сотында судьялар әдебі комиссиясының бастамасымен жас судьялар Кеңесі қарызды өндіру туралы азаматтық іс бойынша сот процесін өткізді.

Сот отырысын жүргізу тәртібі мен біліктілігін доғарыстағы судьялар Т.Сатайбаевтан, М.Байғаринадан және облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Т.Уәлиевадан құралған сарапшы комиссия бағалады.

Беттер