Жоғарғы Сотта Сот оқуы жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кеңес мүшелері жергілікті соттардың судьяларының жоғары тұрған соттарда тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру мәселелерін, Сот төрелігі академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар туралы есебін, сондай-ақ Академияда оқу процесін жүзеге асырудың негізі – сот қызметкерлеріне білім беру моделін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылады.

Талқылау нәтижесі бойынша Сот төрелігі академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының жұмысы қанағаттанарлық деп танылды. Академияға құқық қорғау және шаруашылық заңнамалары мен оны қолдану тәжірибесін жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобының отырыс хаттамасынан туындаған тапсырмаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу тапсырылды.

Судьялардың және сот қызметкерлерінің кәсіби дамуы Қазақстан Республикасының сот жүйесін жетілдірудің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Жоғарғы Сот Төрағасының жанындағы Сот оқуы жөніндегі үйлестіру кеңесі - судьялардың және сот жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз оқу бағдарламасын жетілдіру үшін ұсыныстар мен шаралар әзірлеу мақсатында жұмыс істейді.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі