Солтүстік Қазақстан облысының судьялары көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдысын игерді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің және «Ел тірегі» Қазақстанның шағын және орта бизнес қауымдастығының қолдауымен Солтүстік Қазақстан облысының судьялары үшін екі күндік семинар-тренинг өткізді.

Семинар үш сессиядан тұрды. Алғашқы екі сессияда судьялар көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдысын және қарым-қатынас жасау тәсілдерін игеріп, медиативтік және сөйлесу құзіретін зерделеді. Осы сұрақтармен тренинг қатысушыларын эксперт-конфликтолог, ораторлық өнер бойынша жаттықтырушы Меруерт Жүнісбек таныстырды.

Судьялар практикалық жаттығуларға қуана қатысып, соның барысында өз сөзіне назар аудартуға, берілген тақырыпты бір минуттың ішінде ашуға үйреніп, тіпті өлеңдер оқыды. Содан соң барлығы бірлесіп орындалған жаттығулардың мықты және әлсіз тұстарын талқылады.

«Сот актілері сапасының өзекті өлшемшарттары: жаңа формат» тақырыбындағы үшінші сессияны Жоғарғы Сот судьялары Айгүл Сапарова, Лариса Шепелева және Гүлжан Әлмағамбетова өткізді. Олар қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша Жоғарғы Соттың жаңа форматтағы Нормативтік қаулыларының ерекшеліктері туралы айтып берді. Судьялар үкім, шешім және қаулы шығарудың құқықтық және стилистикалық ерекшеліктеріне тоқталып, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Өткізілген тренингтер судьялардың көпшілікпен өзара тиімді қарым-қатынас құруға оң әсерін тигізіп, қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттырады. 

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі