Архив событий

10/07/2018

Павлодар облысында «Түнгі сот» пилоттық жобасы іске қосылды

10/07/2018

Баянауыл ауданында «Түнгі сот» пилоттық жобасы іске қосылды.

Аудан туристік демалыс аймағы болып табылады, Баянауыл мемелекеттік ұлттық паркінің мәліметтері бойынша жыл сайын жазғы уақытта «Жасыбай», «Торайғыр», «Сабындыкөл» демалыс аймақтарына 170 000 адамға дейін барады. Осы кезеңде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосымша патрульдік бақылау енгізіліп, автокөлік құралдыры қозғалысының легі артады.

Жоғарғы Сотта заңды тұлғаны тарату және мемлекеттік тіркеудің күшін жою мәселелері талқыланды

10/07/2018

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Еліс Әбдіқадыров салық заңнамасын қолданудың жекелеген мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына жоғарғы сот органының судьялары, ғылыми қауымдастықтың, Бас прокуратура, Әділет, Қаржы министрліктерінің өкілдері қатысты.

Атыраудың сотында 42 млн. теңгеден астам соманы өндіру туралы сот шешімінің орындалуы барысында тараптар бітімгершілік келісімге келді

10/07/2018

«KenAimakTrade» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «KARPET TRANSPORTATION» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен  42 860 095 теңге берешекті және 26 433 433 теңге тұрақсыздық айыбын өндіру туралы  талап қоюмен сотқа жүгінген.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот дауды оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде қарап, талапты жартылай қанағаттандырған, жауапкерден талап қоюшының пайдасына 42 860 095 теңге берешек және 10 млн. теңге тұрақсыздық айыбы өндірілген.

Шығыс Қазақстанның судьялары шешендік өнер бойынша тренингтен өтті

10/07/2018

Шығыс Қазақстан облыстық сотында судьяларды көпшілік алдында сөйлеу дағысына үйретуге, медиативтік және келіссөздік құзыреттерін арттыруға бағытталған семинар-тренинг болып өтті.

Сонымен қатар Жоғарғы Соттың қабылданған «Сот шешімі туралы», «Сот үкімі туралы» және «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша сот қаулысы туралы» нормативтік қаулыларының ережелері, олардың ішіндегі сот актісі сапасының өлшемдері талқыланды.

Ақмола облысының сотында АҚ мен ЖК арасындағы кепіл бойынша дау сот медиациясы тәртібінде шешілді

10/07/2018

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Қаржылық қолдау қоры» АҚ жеке кәсіпкерлерден кепілге қойылған мүлікті өндіріп алу туралы талап қою арызымен жүгінді. Кепілге қою мүлкі – жер учаскілеріне жерді пайдалану туралы құқығы.

Дауды сотта қарау барысында тараптарға сот медиациясын қолдану ұсынылды. Нәтижесінде тараптар медиативтік келісім жасап, оның шарттары бойынша ЖК АҚ алдындағы берешек соммасын келісілген мерзімде өтеуге, ал АҚ кәсіпкерлерге кепіл мүлкіне құқық белгілеуші құжаттарын беруге міндеттелді.

Маңғыстау облыстық сотында фронт-офис және Құқықтық қызмет көрсету орталығы ашылды

10/07/2018

Маңғыстау облыстық соты төрағасының м.а. Нұрсапа Примашев және Соттар әкімшісінің басшысы Хыдыр Бегалиев фронт-офис пен Құқықтық қызмет көрсету орталығын ашты.

Салтанатты рәсімге нотариустар, медиаторлар, адвокаттар, кәсіподақтар мен кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ банктер мен  БАҚ өкілдері қатысты.