Архив событий

20/07/2018

Астанада судьялар аймақаралық спартакиада ойындарында жарысқа түсті

20/07/2018

Назарбаев университетінінің спорт кешенінде Судьялар одағының бастамасымен республика судьялары арасында дәстүрлі аймақаралық спартакиада өтті.

Шағын-футбол, волейбол, бильярд, үлкен теннис, үстел теннисі, шахмат және дойбыға Жоғарғы Сот, Астана қалалық соты, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстық соттары мен Әскери соттан 120-ға жуық  спортшы-судьялар қатысты.  

Жоғарғы Сотта «Отбасылық сот» серпінді жобасын енгізу мәселелері талқыланды

20/07/2018

Жоғарғы Соттың судьясы Ұлбосын Сүлейменова бейнебайланыс арқылы семинар өткізді. Оған қатысушылар «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасының шеңберінде «Отбасылық сот» серпінді жобасын қолданысқа енгізу келешегін талқылады.

Талқылауға кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар мен жасөспірімдерге қатысты істерді қарайтын жергілікті соттардың судьялары қатысты.

Атырау мен Оралда Билер кеңесі құрылады

20/07/2018

Атырау облыстық сотында татуластыру рәсімдерін халық арасында кеңінен танытуға және Билер кеңесін құруға бағытталған сегіз жақты меморандум қабылданды.

Талдықорғанда даусыз қоғам қалыптастыру мүмкіндіктері талқыланды

20/07/2018

Алматы облыстық сотында «Ел ішінде дау көбейсе, ел сыртында жау көбейеді» айдарымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасын жүзеге асыру мақсатында Жоғарғы Соттың бастамасымен, «Бірлесе даму» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен өткізілді.

Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында медиация кабинеті ашылды

20/07/2018

Татуласу орталығының салтанатты ашылу рәсіміне Қарағанды облыстық сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков, Соттар әкімшісінің басшысы Бақдәулет Нұрпейісов, медиатор Идрисова Роза, аудандық соттың судьялары мен мамандары қатысты.

Татуласу кабинеті «Соттағы татуласу рәсімдері» пилоттық жобасын іске асыру аясында құрылып, қажетті жиһаздар және кеңсе техникасымен жабдықталған.