Архив событий

09/07/2018

Заңгерлер қауымына үндеу

09/07/2018

Судья – абыройлы лауазым. Кез-келген заңгердің ең биік шыңы. Бұл жай ғана қабілет емес, сонымен қатар айрықша бедел, әрбір шешім үшін жауаптылықты, әділеттілік пен заңдылықты жоғары  деңгейде сезіне білу. Ойшылдар судьяны «сөйлейтін заң» деп жайдан-жай айтпаса керек.

Павлодарда облыстық сот пен Денсаулық сақтау басқармасы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

09/07/2018

Құжатқа облыстық соттың төрағасы Мұхтар Смағұлов пен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ораз Мұқашев қол қойды.

Меморандум халық арасында дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс тәртіпте реттеудің артықшылықтары туралы жүйелі түсіндіру жұмыстарын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы жанжалдарды төмендету және бұзушылықтарды жою бойынша бірлескен іс-шараларды өткізуді көздейді.

Қызылордада электронды форматта түскен қылмыстық істер медиациямен аяқталды

09/07/2018

Қызылорданың № 2 сотында бір азаматты ұрлық жасағаны үшін және басқа екі азаматты алаяқтық үшін айыптау бойынша екі қылмыстық іс қаралды.

Бірінші жағдайда сотталушы ұялы телефонды жасырын жымқырып, жәбірленушіге 100 000 теңге залал келтірсе, екіншісінде сотталушылар жәбірленушілерді жұмысқа тұрғызамыз деп жалған уәде беріп, алаяқтықпен ақшасын алдап алып, оларға 470 000 теңгеге залал келтірген.