Павлодарда облыстық сот пен Денсаулық сақтау басқармасы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құжатқа облыстық соттың төрағасы Мұхтар Смағұлов пен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ораз Мұқашев қол қойды.

Меморандум халық арасында дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс тәртіпте реттеудің артықшылықтары туралы жүйелі түсіндіру жұмыстарын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы жанжалдарды төмендету және бұзушылықтарды жою бойынша бірлескен іс-шараларды өткізуді көздейді.

Өзінің алғы сөзінде М.Смағұлов, Конституция бойынша азаматтарға берілетін деңсаулық сақтауға құқықтарының кепілі туралы еске салып өтті. «Облыстың медициналық корпусы күнделікті жұмыста денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің жоғары деңгейін қамтамасыз етуде. Алайда халық тарапынан емдеу мәселелері бойынша шағымдану жағдайлары әлі де бар, осы санаттағы қылмыстық істер бойынша сот талап қоюларының өсімі байқалады. Емделушілердің медициналық мекемелермен жанжалдары дауласушылықтың жоғары деңгейімен ерекшеленеді»,- деді ол. Облыстық соттың төрағасы азаматтардың, оның ішінде медициналық қызметшілердің де құқықтық мәдениетін арттыруды, даулар мен жанжалдарды соттан тыс шешуді дәріптеуді бірлескен жұмыстың мақсаты деп атады.

Облыстық соттың бастамасына жауап беріп, О.Мұқашев судьялық корпустың еңбек және басқа да даулар мен жанжалдарды татуласу рәсімдері арқылы соттан тыс тиімді шешу бойынша денсаулық сақтау саласында клиенттердің мүмкіншіліктерін арттыруға бағытталған жұмысын өзекті деп атады.

Источник: 
Павлодар облыстық сотының баспсөз қызметі