Архив событий

23/07/2018

Өскемен қалалық сотында психолог кабинеті ашылды

23/07/2018

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев Өскемен қалалық сотында психолог кабинетін ашты.

Іс-шара «Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асыру аясында өткізілді.

Салтанатты ашылу рәсіміне судьялар, Отбасы және балалықты қолдау орталығының өкілдері, психологтар қатысты.