Архив событий

27/07/2018

Жоғарғы Соттың судьялары мен қызметкерлері көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары бойынша тренингтен өтті

27/07/2018

Семинар-тренингті Мәскеудің риторика және шешендік өнер университетінің жаттықтырушы-лицензиаты Жанна Ибраева жүргізді. 

Тренинг судьялар корпусының азаматтармен тиімді өзара іс-қимылын құру үшін қажетті коммуникациялық дағдыларды дамытуға және жетілдіруге бағытталған.

«Жария образды құру – халықтың спикерге деген пікірін, сенімін қалыптастыратын құралдардың бірі. Өз ойыңды сұхбат беру, әлеуметтік желідегі жеке парақшаңды жүргізу арқылы жеткізу –бүгінгі таңда спикер өмірінің ажырамас бөлігі», - деді Ж.Ибраева. 

Көкшетау мен Таразда «Білгір» зияткерлік байқауының жеңімпаздары анықталды

27/07/2018

Ақмола облыстық сотында судьялар мен сот қызметкерлерінің арасында «Білгір» тарихи-танымдық зияткерлік байқауы өтті. Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.  

Өскеменде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңды қолданудың өзекті мәселелерін талқылады

27/07/2018

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңды қолдану барысындағы өзекті  мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Оның жұмысына  облыстық және экономикалық соттардың судьялары,  прокуратура, Мемлекеттік аудит департаментінің, Мемлекеттік сатып алу басқармасының, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Атырау мен Ақтауда судьялар шешендік өнер мен сапалы сот актісін әзірлеудің қыр-сырын игерді

27/07/2018

Атырауда Жоғарғы Соттың ұйымдастыруымен және Қазақстандағы Ф.Эберт атындағы қордың өкілдігі және  «EL TIREGI» Қазақстанның шағын және орта кәсіпкерлік қауымдастығының қолдауымен екі күндік семинар-тренинг өтті.

Семинарға  Жоғарғы Соттың судьялары Ербол Рахымбеков, Нұрия Сисенова және Гүлжан Әлмағамбетова, сондай-ақ сарапшы – қақтығыстанушы, шешендік өнер бойынша жаттықтырушы Меруерт Жүнісбек спикер ретінде қатысты.