Архив событий

30/07/2018

Атырауда судьялар Жылыой ауданының тұрғындарымен кездесті

30/07/2018

Атырау облыстық соты және ардагерлер кеңесі, медиация орталықтары, қоғамдық кеңес пен бірлестіктер арасында қабылданған сегіз жақты меморандум аясында татуластыру рәсімдері бойынша ақпараттық-насихаттау тобы құрылған болатын.

Топтың құрамына қатардағы және отставкадағы судьялар, кәсіби медиаторлар мен қоғам қайраткерлері кірді. Мобильдік топ облыстағы аудандардың ішінде ең бірінші болып Жылыой ауданында болды.

Қостанай, Ақтөбеде және Қарағандыда «Білгір» конкурсы өтті

30/07/2018

Конкурсты ашқан Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев рухани-мәдени білімді арттыру, ұлттық кодты және дәстүрлі мәдениетіміз бен құндылықтарымызды сақтау мақсатында іс-шара ұйымдастырылып отырғанын атап өтті.

Тарихи-танымдық сайыс Туған өлкем – тарихым», «Тіл – қылыштан да өткір» және «Ел тарихы – тағылым» атты үш кезеңнен тұрды:   

Алматыда «Судья көмекшісі» пилоттық жобасы іске қосылды

30/07/2018

Алматы қалалық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов «Судьяның көмекшісі» пилоттық жобасын іске қосуға тапсырма берді. Жоба азаматтық істер бойынша мамандандырылған Медеу аудандық сотының негізінде жүзеге асырылады. Алдын-ала жұмыс нәтижелері бойынша аудандық судьяның көмекшісіне мемлекеттік қызметкерлердің ішінен 8 маман іріктеліп алынды.  

Қалалық соттың төрағасы судьялар көмекшісі институты «Сот төрелігінің жеті түйін» бағдарламасының стратегиясын іске асыру шеңберінде енгізілгенін және бұл жоба сот қызметінің тиімділігін арттыратындығын атап өтті.