Архив событий

13/07/2018

Жоғарғы Сот жартыжылдық жұмысты қорытындылады

13/07/2018

Жоғарғы Сотта сот төрелігін жүзеге асырудың 2018 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша республика судьяларының кеңейтілген кеңесі өтті.

Іс-шараға Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Әлия Рақышева, Президент Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі Данияр Вагапов, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Талғат Донақов, Парламент Сенаты комитетінің төрағасы Георгий Ким, Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов қатысты.

Өскеменде ауыл тұрғындары арасындағы дау татуласумен аяқталды

13/07/2018

М. шаруа қожалыққа, ауданның жер қатынастары бөлімі мен мемлекеттік кірістер басқармасына шаруа қожалықтың мүшесі деп тану туралы талап қоюмен Глубокое аудандық сотына жүгінді. М. аудан әкімінің шешімі бойынша оның ағасына шаруа қожалығын ұйымдастыруға жер теліміне тұрақты түрде пайдалау құқығы берілгенін, ал жер қатынастары және жерге орналастыру бойынша аудандық комитетке ШҚ-ны 4 адам құрамында тіркеу тапсырылып, оның орындалмағанын атап өтті.

Сот М.-ның талабын қанағаттандырудан бас тартты, осыған байланысты ол облыстық сотқа жүгінді.

Павлодар облысының судьялары көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары мен татуластыру тәсілдерін оқып білді

13/07/2018

Екі күндік семинарды Жоғарғы Соттың судьялары Айгүл Сапарова, Талғат Ибрашев және Лариса Шепелева, сарапшы-конфликтолог, шешендік өнер бойынша тренер Меруерт Жүнісбек өткізді.

Жалпы тренинг барасында өңірдің 100-ге жуық судьясы шешендік өнер дағдыларын зерделеп, жанжалды жағдайдарды тиімді шешу тәсілдерін және татуластыру тәсілдерін қарастырды. Семинарға қатысушылар азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілерінің жаңа форматын қарастырды.

«Жедел сот» жобасын іске асыру аясында

13/07/2018

Петропавлдың мамандандырылған әкімшілік соты «Жедел сот» пилоттық жобасы іске қосылған екі аптаның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы 6 іс қарады.