Архив событий

12/07/2018

Жоғарғы Сотта 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығына қылмыстық істерді қарау бойынша соттар жұмысының қорытындысы жасалды

12/07/2018

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин, қатысушылары өткен жартыжылдыққа  республика соттарының қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысын жасаған кеңес өткізді.

Кеңестің жұмысына жоғары сот органының қылмыстық алқасының судьялары, облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс арқылы 17 облыстық, 135 аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Журналисттер «Үлгілі сот» пилотының жұмысымен танысты

12/07/2018

«Сот төрелігінің 7 түйінін» іс жүзінде іске асыру аясында Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының базасында пилот ретінде «Үлгілі сот» құрылды. Мұнда халықтың нақты сұраныстарына бағытымен сот төрелігінің тиімділігін арттыру бойынша барлық ұйымдастырушылық мәселелер игерілуде.

Жоғарғы Сотта азаматтық, әкімшілік және инвестициялық істерді қараудың қорытындысы жасалды

12/07/2018

Жоғарғы Сотта ағымдағы жылдың алты айындағы сот төрелігін жүзеге асыру жұмыстары қорытындыланып, азаматтық, әкімшілік істер және инвестициялық даулар бойынша құқық қолдану сот тәжірибесін қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Кеңес жұмысына Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары Еліс Әбдіқадыров, Айгүл Қыдырбаева және облыстық соттар төрағалары, Жоғарғы Соттың судьялары мен қызметкерлері қатысты.

Астана қаласының сотына 20 жыл

12/07/2018

«ЭКСПО-2017» қалашығының «Холл Энергия» мәдени-сауық орталығында Астана қаласы сотының 20-жылдығын тойлауға арналған салтанатты іс-шара өтті.