Архив событий

25/07/2018

Солтүстік Қазақстан облыстық соты «Білгір» тарихи-танымдық зияткерлік конкурсын өткізді

25/07/2018

Солтүстік Қазақстан облыстық соты судьялар мен сот мамандарының арасында «Білгір» тарихи-танымдық зияткерлік конкурсы өткізілді.

Облыстық сот төрағасы Ерлан Айтжанов іс-шараны аша отырып, конкурстың ұйымдастырушылары ұлттық құндылықтарды жаңғырту,  ұлттық кодты және мәдениетімізді, қазақтың билер сотының дәстүрін сақтау, тіл мәдениетін арттыру, шешендік өнерімізді дамыту сияқты мақсаттарды көздейтінін атап өтті.

Алматы мен Оралда судьялар медиативтік және коммуникативтік дағдыларға даярлықтан өтті

25/07/2018

Семинарларды сот жүйесін одан әрі дамыту бойынша басым жобаларды іске асыру аясында Жоғарғы Сот, Ф.Эберт атындағы қордың өкілдігі, «Ел тірегі» шағын және орта бизнестің Қазақстандық қауымдастығы ұйымдастырды.

Оқытуды сарапшы-конфликтолог Меруерт Жүнісбек, шешендік өнер бойынша тренер Жанна Ибраева, сондай-ақ Жоғарғы Соттың судьялары өткізді.