Архив событий

02/07/2018

Алматының Наурызбай аудандық сотында «Құқықтық қызмет көрсету орталығы» ашылды

02/07/2018

Орталықтың ашылу салтанатына судьялар, Соттар әкімшісі Данияр Қырықбаев, сондай-ақ Алматының Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті аудандық бөлімінің басшысы Шыңғыс Әшірбеков, Наурызбай ауданының Әділет басқармасының басшысы Талғат Тойбаев, Алматылық адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы Кенжеғали Қаршегенов, Медиацияны дамыту орталығының, нотариаттық палатаның және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Судьялар спорттық жарыстарда сайысқа түсті

02/07/2018

«Маңғыстау арена» спорт кешенінде өткен судьялар ІХ спартакиадасының батыс аймақтық жарысының салтанатты ашылу рәсіміне Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, соттардың төрағалары мен судьялары, спорт және мәдениет басқармаларының, құқық қорғау органдарының өкілдері, сот жүйесінің қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.