Архив событий

19/07/2018

Атырауда түнгі сот жұмысын бастайды

19/07/2018

Бұл туралы Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Манат Көміршінов Атырау облыстық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Берік Амангелдімен кездесу кезінде мәлім етті.

Кездесуге судьялар, жергілікті полиция қызметінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында М.Көміршінов Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотындағы түнгі сот жол-көлік оқиғасы, отбасы-тұрмыстық жанжалдар, ұсақ бұзақылық және т.б. құқықбұзушылықтар қаралатындығын айтты.

Алматы қалалық сотының төрағасы азаматтардың көшпелі жеке қабылдауын өткізді

19/07/2018

Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов Open Almaty қоғамдық қабылдау бөлімінің ғимаратында алғаш рет азаматтарды ашық көшпелі қабылдауын өткізді.

Іс-шараға апелляциялық сот алқаларының төрағалары Бақытжан Қараманов пен Бақыт Қасейінов қатысты.