Архив событий

17/07/2018

Ақмола облысының 90 судьясы медиативтік, коммуникативтік және шешен сөйлеу дағдыларын дамытты

17/07/2018

Ақмола облыстық сотында медиативтік, коммуникативтік және шешен сөйлеу дағдыларын дамыту бойынша өңір судьяларына арналған семинар-тренинг өтті.

Оқыту сот жүйесін одан әрі дамыту бойынша Жоғарғы Соттың басым бағыттарын іске асыру аясында Жоғарғы Сот, Фридрих Эберт қорының Қазақстандағы өкілдігі, «EL TIREGI» Қазақстанның шағын және орта бизнес қауымдастығы тарапынан ұйымдастырылды.

Екі компания арасындағы 80 миллионнан астам теңгенің дауы медиация тәртібінде шешілді

17/07/2018

2017 жылдың соңында шетелдік компания мен қостанайлық кәсіпорынның арасында бидай ұнын жеткізуге қатысты шарт жасалған. Тиісті төлем 2018 жылғы қаңтарда жасалған, шарттың қосымшасы бойынша тауар 30 сәуірге дейін жіберілуі керек еді. Алайда жауапкер көрсеткен мерзімде бидайды тиемеген.

Шетелдік компания Қостанай облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз беріп, онда өз пайдасына жауапкерден 87 107 200 теңге негізгі қарыз бен сот шығындарын өндіруді сұраған.

Сот жеке кәсіпкердің монополист компанияға қатысты талап арызын қанағаттандырды

17/07/2018

Павлодар облыстық сотының апелляциялық сот алқасы жеке кәсіпкер М.-нің «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-не энергиямен жабдықтаудың алдыңғы сызбасын қалпына келтіру және шартты орындаудан заңсыз бас тартуды мойындау туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.