Архив событий

05/07/2018

Құрметті оқырмандар!

05/07/2018

Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл Астана өзінің 20 жылдығын тойлағалы отыр. Бұл тәуелсіз еліміз үшін айтулы мереке – Қазақстан халқының мүмкіндіктері мен алға ұмтылысының жарқын көрінісі. Аз ғана тарихи кезеңде елордамыз облыс орталығынан қазіргі заманға сай  қайталанбас сәулеттік стилі бар, құлашын кеңге сермеп, дамып келе жатқан әсем қалаға айналды. Астана бұл күнде саяси, экономикалық және мәдени орталық ретінде әлемге танылып отыр.

Ж.Асанов АХҚО Сотының судьяларымен кездесу өткізді

05/07/2018

Жоғарғы Соттың Төрағасы Жақып Асанов «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Сотының төрағасы Лорд Гарри Вульфпен және АХҚО сотының судьяларымен кездесті. Іс-шараға Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева, және де жоғары сот органының судьялары қатысты.

Кездесу алдында қонақтар Жоғарғы Сот Жобалық кеңсесінің қызметімен танысты.

Алматыда жергілікті соттардың судьялары семинар-тренингте даярлықтан өтті

05/07/2018

«PR-дағы ньюсмейкинг – әлеуметтік желілерді белсенді қолданудың тиімді құралы» атты екі күндік семинар-тренингтің жұмысына республиканың барлық аймақтарынан БАҚ-пен өзара әрекеттесу бойынша үйлестіруші судьялар қатысты.

Қостанайда судьялар медиативтік және коммуникативтік дағдыларға даярлықтан өтті

05/07/2018

Қостанай облыстық сотында: «Судьялардың қызметіндегі медиативтік және коммуникациялық дағдылар. Сот актілері сапасының өзекті өлшемдері: жаңа формат» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Семинарды Жоғарғы Соттың судьялары Айгүл Сапарова, Гүлжан Алмағамбетова және Лариса Шепелева, Ф.Эберт атындағы Қоры Қазақстандағы өкілдігінің Басшысы Зәуреш Шутова, сарапшы-конфликтолог, шешендік өнер бойынша тренер Меруерт Жүнүсбек өткізді.