Жоғарғы Сотта Астананың 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сотта елорданың 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Мерекеге судьялар, ардагерлер, сондай-ақ жоғары сот органыны Департаментінің қызметкерлері қатысты.

Өзінің сөзінде Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин бұл мерекені қазақстандық ұлттың ұмтылыстары мен мүмкіндіктерінің көрсеткіші деп атады. «Астана – Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың идеясының іске асуы. Оның көреген, батыл және ерекше шешімінің арқасында елорданың республиканың орталығына ауысуы іске асты. Екі он жылдық өткен соң, оның прогрессивтігіне ешкімнің күмәні жоқ»,- деп ерекше атап өтті А.Рахметулин. Елорданы екпінді жаңғырудың жаңа қозғалтқышы және Қазақстанның халықаралық аренадағы басты бренді деп атап, мұнда сәтті өткізілген халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі, қыстық Азиялық ойындар, ЕҚЫҰ саммиті және басқа да көптеген әлемдік деңгейдегі форумдар туралы еске салып өтті.

«1997 жылы Жоғарғы Сот жаңа елордаға бірінші мемлекеттік органдардың қатарында көшті. Барлық аймақтардың судьялары Астанада жұмыс істеуга талпынады. Оларды сот ісін жүргізудің барлық саласындағы ең маңызды мәселелер бойынша өзекті сот тәжірибесін құруға қатысу мүмкіндігі ықыластандырады. Астана – бұл әрдайым судьяның барлық әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін аса қызықты және қиын істер»,- деді А.Рахметулин.

Сондай-ақ сот жүйесінің жаңалықтары бірінші болып елордада сәтті сыналғандары аталып өтілді. Олардың қатарында соттардың мамандануы, инвестициялық сот төрелігінің құрылуы, жаңа ақпараттық технологиялардың және медиация институтының енгізілуі. Бүгінде Астананың соттары «Сот төрелігі 7 түйінінің» аясында сот жүйесін жаңғыртуға белсенді қатысуда. Осылай, Сарыарқа аудандық сотының базасында пилот ретінде үлгілі сот құрылды. Мұнда жаңа бизнес-процестер сыналуда, судьялардың көмекшілері енгізілген, ашық кеңістік принципі бойынша фронт-офис құрылды. Олар нақты сұраныстарға сүйеніп, соттардың халықпен байланысын түгелдей қайта құруы қажет. Астанада сондай-ақ түнгі сот және татуластырушы судья институты құрылды.

Қорытындылай келе, А.Рахметулин барлық қатысушыларға денсаулық, бастамаларда сәттілік, отбасылық амандық және Астананың өркендеуін тіледі.

Жоғары сот органының елордаға көшуі және Астанадағы алғашқы жұмыс жылдары туралы өзінің естеліктерімен сот жүйесінің ардагері, отставкадағы судья Тұрғын Беркалиева мен Қанапия Омарханұлы бөлісті.

Әрі қарай Жоғарғы Соттың бірқатар судьялары мен қызметкерлерін «Астана 20 жыл» медалімен салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл марапатқа Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева, жоғары сот органының судьялары Гүлнар Мергенова, Амангелді Сәрсенбаев, Бейбіт Шермухаметов, отставкадағы судья Т.Беркалиева ие болды. Сондай-ақ Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов, Департамент қызметкерлері Жанар Атымтаева, Маржан Ерубаева, Клара Мыңбаева және Айгүл Хасенова марапатталды.

«Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен Департамент Басшысының Орынбасары Асия Касенова және Департамент бөлімі меңгерушісінің орынбасары Индира Құсайынова марапатталды. 

Источник: 
Жоғары Соттың Баспасөз қызметі